Атырау, 26 желтоқсан 16:22
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Алдыңызға ас қойдық...

2 451 просмотра

- Мен Астана және Алматы қалаларына ұшақпен жиі ұшамын. Әуебилеттерінің құны жоғары, ал, ұшу уақыты үш сағаттан аспайды. Көптеген жолаушылар, оның ішінде өзім де бармын, ұшақта берілетін тағамдардан егер оның билеттің құнына  әсері болса, бас тарта аламын ба?

Телефон арқылы

«Эйр Астана» АҚ жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері Тілек ӘБДРАХИМОВ түсінік береді:

- Бортты  тамақтандырумен қамтамасыз етуден компания бас тарта алмайды, өйткені, ол әуе рейсінің ішкі немесе халықаралық екендігіне қарамастан біздің сервистік қызметіміздің бөлінбес бір бөлігі болып саналады.

Ыстық тағамдар мен алкогольдік сусындар ұшу ұзақтығы 2 сағаттан артық бизнес және эконом-класты барлық рейстерде ұсынылады. Ал, ыстық тағамды беруге мүмкіндік бермейтін ұшу ұзақтығы қысқа әуе рейстерінде әдетте жеңіл, салқын басытқылар, сэндвичтер, сондай-ақ, жаңғақтар мен крекерлер ұсынылады.

Тағам мен сусындардың шығыны жалпы билет құнының тек 3%-ын ғана құрайды.Атыраудан Астанаға немесе Алматығабағыт алған жолаушылар үшін бұл бар болғаны 600 теңге ғана.

9 мамыр 2012, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.