Атырау, 29 желтоқсан 16:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Жазда құбыр құрғап қалады

2 015 просмотра

- Біз Сәтбаев даңғылы бойындағы №32 және 34 үйлерде тұрамыз. Жаз басталысымен бізде сумен жабдықтау  жүйесінде судың көтерілуіне қатысты проблема туындайды, жоғары қабаттағылар тіпті, қақсып қалады. Біздің арамызда орналасқан екі үй насосқа қосылған. Бізді де  насосқа қосу қиын ба?

Телефон арқылы

«Азамат-Аман» ПИК төрағасы Ғәділ ҚҰБАЕВТЫҢ айтуынша, бұл проблема 2002 жылдан бастап пайда болған.

- Біз бірнеше рет қалалық әкімдікке және «Атырау Су Арнасына» хабарласқан болатынбыз, бірақ әзірге уәдемен ғана жұбатып отыр. 2010 – 2011 жылы да, биыл да ақша бөледі деп айтқан болатын. Судың көтерілмеуі бұл екі үйдің де жер асты құбырларының көтеру-насос стансасына қосылмағандығынан болып отыр. Тұрғындар сотқа талап арыз бермекші. Заң бойынша, жеткізіп беруші судың қалыпты қысыммен берілуін қамтамасыз етуі тиіс, яғни, үйге енгізілгенге дейін 2 атмосферадан кем болмауы керек, ал, қазір су 2-ші қабатқа әзер-әзер көтеріліп тұр. Біз әрбір жаз сайын жоғары қабаттағы тұрғындар сусыз қалмауы үшін аулада уақытша колонка орнатуға мәжбүрміз.

 «Атырау Су Арнасы» КМК жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері Александр ПАСТУХОВТЫҢ айтуынша, Сәтбаев даңғылындағы №32, 32 А, 34 және 36 тұрғын үйлердің су құбырларының көтеру-насостарына қосу жұмыстары Атырау қаласы су құбырлары қондырғыларын күрделі жөндеуден өткізудің 2012 жылға арналған жоспарына енгізілді. Аталмыш үйлердегі сумен жабдықтау жұмыстарын мердігерлер орындағаннан соң көтеру-насосына қосу арқылы жүзеге асырылады және  су қысымы 3-4 кг/см жететін болады. Ал, ол осы үйлердің жоғары қабаттарындағы пәтерлерді салқын сумен қамтамасыз етпек.

9 мамыр 2012, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.