Атырау, 2 желтоқсан 02:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Батпақтан - асфальтқа

1 917 просмотра

- Мен жолсеріктер резерві ауданындағы Вагонный көшесінде тұрамын. Көшемізді асфальттау туралы өтінішпен біз ТКШ бөліміне шағымданғанымызға бірінші жыл емес. Шамамен көшенің ұзындығы – 500 метрдей ғана. Жыл сайын көше адам өте алмастай батпаққа айналады. Өткен жылы біздің көшемізді асфальттауды 2011 жылдың жоспарына енгізеді деп уәде еткен болатын, алайда, енгізілмей қалды. Биылғы жылы бұл уәде орындалар ма екен?

 Мұрат АҚҚАЛИЕВ

Сауалға қалалық ТКШ бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серікбай ҚАЗИЕВ жауап береді:

- Биылғы жылы біз мүмкіндіктерімізге қарай асфальт төселмеген қала көшелерінің барлығын дерлік асфальттауды көздеп отырмыз. Тұрғындардың бізге көшелерінің асфальтталмағандығын айтып, хат жолдауы орынды, өйткені, біз асфальт төселмеген қандай көшелер бар екендігін білуге тиіспіз. Бұл жұмыстарға 10 млрд теңгедей қаржы керек. Бірақ, биылғы жылы асфальттауға бюджеттен қанша қаржы бөлінетіндігі әзірге белгісіз.

 

-Атырау мөлтек ауданындағы Шманов көшесі тек Молдағұлова (бұрынғы Советская) көшесінің қиылысына дейін ғана асфальтталған, одан әрі 500 метрдей ұзындықта котлован, одан кейін тағы да асфальтталған жол.  Котлованда тұрғын үйлер бар, алайда, олардың тұрғындары өз автокөліктерін қолдана алмайды. Өйткені, олар өтетін көрші учаске аумағы қоршалып, салынып жатыр. 2009 және 2011 жылдары қалалық әкімдікке жолданған өтініштерден ештеңе шықпады.  Жолдың көрсетілген учаскесі қашан салынып бітеді?

Шманов көшесінің тұрғындары

Сауалға «Атырауинждорстрой» ЖШС директоры (қалалық әкімдіктің жол жұмыстары бойынша мердігері) Анатолий БЫКОВ жауап береді:

- Шманов көшесінің Молдағұлова көшесінен Атырау мөлтек ауданының №23 көшесіне дейінгі ұзындығы 700 метр яғни,  Ерік Мостовой каналының бойындағы №24 көше бүгінгі күні 2012 жылға арналған автокөлік жолдарын күрделі жөндеу жоспарына енгізілген жоқ. Күрделі жөндеу жұмыстарына қосымша қаржы бөліну барысында бұл жолды жөндеу 2012 жылдың жоспарына енгізілуі мүмкін.

9 мамыр 2012, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.