Атырау, 23 қазан 02:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 484.19
€ 524.28
₽ 5.03

Алдымен жерді өлшейді

1 911 просмотра

- Мен Махамбет ауданы, Береке ауылынан кезек арқылы жер учаскесіне ие болдым. Мемлекеттік жер актісін әлі алып үлгерген жоқпын. Махамбет ауданының жер бөліміндегілер жердің эскиз жобасына 6000 теңге сұрап отыр. Осы дұрыс па?

Айгүл Иманғалиева

Бұл сұраққа қалалық жер қатынастары бөлімінің маманы Руслан ТҰЯҚБАЕВ:

- Жердің эскизі мемлекеттік жер актісін алғаннан кейін беріледі. Сауал иесінің айтып отырғаны жер эскизі емес, жерге орналастыру жобасы болар. Жерге орналастыру жобасының құнын ҚР жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттіктің мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығының Атыраудағы еншілес мемлекеттік кәсіпорнынан біле аласыздар. Жобаны әзірлейтіндер солар, - деп жауап берді. Ал аталған мекеменің экономикалық бөлімінің бастығы Гүлнәр ҚУАНЫШЕВАНЫҢ айтуынша, тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің орналастыру жобасы - қосымша құн салығымен есептегенде 5464 теңгеге бағаланады. 

27 маусым 2012, 19:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.