Атырау, 26 желтоқсан 15:06
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Көлік жүргізу - арманым

2 197 просмотра

- Менің бауырым 1-топ мүгедегі. Екі аяғынан жарақат алып, мүгедектік арбаға отырды. Қазір Астанада ем алып жатыр. Ол өзі көлік жүргізгісі келеді. Ал өздігінен автомектепке баратын жағдайы жоқ. Осыған байланысты білейін дегенім, 1-топ мүгедектеріне мұндай жағдайда көлік жүргізу куәлігі қалай беріледі? Оларды оқытатын арнайы мектеп бола ма? 

Телефон арқылы

«Қазақстан Жүргізушілер Одағы» Атырау облыстық автомектебінің төрағасы Марат ҚАРМЫШЕВ:

- Кез-келген автомектепке оқуға келетін адамның медициналық тұрғыда көлік жүргізуге қабілетті деп танылуы маңызды. Өйткені, автомектепке оқуға қабылданар алдында жалпы медициналық тексеруден бөлек, Атырау облыстық наркологиялық диспансері және облыстық жүйке аурулары диспансерінен анықтама сұратылады. Көлік айдауға жарамды болғанда ғана көлік жүргізу куәлігі беріледі. Жақында біздің автомектепте бір аяғы жоқ жас жігіттер келіп оқып жүрді. Олар автоматты қорапшасы бар көлікке иек артқан. Сондықтан, көлік жүргізу куәлігі барлығына бірдей тәртіппен беріледі. Әрине, екі аяғынан жүре алмаса, оның көлік жүргізе алмайтыны айтпаса да түсінікті.

27 маусым 2012, 19:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.