Атырау, 12 желтоқсан 18:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Салық барлық жерде бірдей

2 152 просмотра

- Мен Индер ауданында тұрамын. Индер ауданы мен қалада жеңіл автокөліктің двигатель көлемі үшін алынатын салық мөлшері екі түрлі. Мәселен, Индерде көлемі 2 000 текше см двигатель үшін 14 094 теңге, 2 500 текше см двигательге 13 208 теңге сұрап тұр. Қалада 2 000-2 500 текше см двигатель көлемі үшін 9 708 теңге салық мөлшерін алады екен. Сонда индерлік салықшылар бағаны өздері өсіріп отыр ма?

Телефон арқылы

Атырау облыстық салық департаментінің өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру және арнаулы салық режимдері басқармасының бастығы Ербол ЖҰМАБЕКОВ:

- Былтыр жеңіл автокөліктердің 2 000 текше см двигатель көлемі үшін 8 036 теңге салық мөлшері салынса, биыл 2 000 текше см двигатель көлемі үшін 8 350 теңге салық салынады. Егер двигатель көлемі 2 000 текше см-ден асса (мәселен 2 100), салық мөлшері 9 708 теңгені құрайды. Салық барлық жерде бірдей. Сауал иесі салық департаментіне көлігінің техникалық төлқұжатын әкеліп көрсеткенде, анықтай аламыз әрі нақты түсіндіріп беруге болады. Қазіргі салық мөлшеріне бұрынғы қарызы үстіне қосыла береді ғой, соны көбі ескере бермейді.   

27 маусым 2012, 19:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.