Атырау, 29 наурыз 07:31
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ақшалай алуыңызға болады

1 884 просмотра

- Күйеуім қайтыс болғаннан кейін баламыз екеумізге пәтерде үлесіміздің бар екендігі белгілі болды. Үлестің қалған бөлігі күйеуімнің екі қарындасы мен анасына тиесілі екен. Жақында күйеуімнің анасы да қайтыс болды. Осылайша пәтерге үміткер 4 адам қалдық. Мен баламыз екеумізге тиесілі жылжымайтын мүліктегі үлесімізді  алғым келеді, бірақ пәтерді сату туралы туысқандармен келісімге келе алар емеспін. Нотариус бұл жағдайдың жылдарға созылатындығын айтып отыр. Мұндайда қандай шара алған жөн, мен өз үлесімді сот арқылы талап ете алам ба?

Әсия

Сауалға заңгер Айнагүл ДӘУЛЕТБАЕВА жауап береді:

- Мүлік екі немесе бірнеше тұлғалардың меншігінде болады және оларға меншік құқығын беретін меншік иелерінің әрқайсысының үлесі анықталған ортақ меншік құқығы беріледі. Бұл үлестік меншік немесе ондай үлестерді ұйғарусыз, яғни бірлескен меншік деп атайды. Егер мүлік үлестік меншікте болса, онда ол өзара келісім бойынша оның қатысушылары арасында бөлінетін болады. Кейбір меншік үлесі өте мардымсыз болған жағдайларда іс жүзінде оған бөлінбейтін болады және бұл жағдайда ол ортақ мүлікті қолдануды қаламайды, сот меншік үлесінің қалған иелерін оған өтемақы төлеуге міндеттеуі мүмкін.

Сіз үлес меншігіне қатысушы ретінде ортақ мүліктен ақшалай түрде, оның ішінде сот тәртібі бойынша өз үлесіңізді талап етуге құқылысыз. Егер үлесті бөлу жөнінде мәмілеге келу мүмкін болмаса, сот аукцион арқылы мүлікті сату жөнінде шешім қабылдауға құқылы. Түскен ақша қатысушылар арасында олардың үлестеріне сәйкес бөлінетін болады.

22 тамыз 2012, 22:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.