Атырау, 29 наурыз 11:37
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Пәтер мәселесі

2 370 просмотра

– Көршім қиын жағдайға тап болды: азаматтық некеде 30 жылдай өмір сүрді, күйеуімен екеуінің 3 баласы бар, тұңғышы  28 жаста. Олар тұрған пәтер күйеуіне әкесінен мұраға қалған. Отбасылық өмірлері мамыражай болмай, олар көп жыл өткеннен кейін ажырасуды ұйғарды. Енді пәтерді қалай бөлісеміз деген сұрақ туындап отыр. Заң бойынша бұл ер адамның жеке меншігі, өйткені пәтер оған бас қосып өмір сүргенше тарту етілген. Екінші жағынан, күйеуі бірнеше рет бас бостандығынан айыру орындарында болған. Осы кездерде және бүгінгі күнге дейін бүкіл коммуналдық қызметтерді жұбайы төлеп келді. Қолында чектері сақталған және көршілері де осы фактілерді растай алады. Сот пәтер мәселесін қарау кезінде осы фактілерді ескере ме?          

Телефон арқылы

Бұл жағдайға байланысты адвокат Гүлсім САБИРОВА комментарий берді:

– Өкінішке орай, бұл жағдайда әйелге мүліктен қандай да болмасын үлес тиесілі емес. Сұрақтан көрініп тұрғандай, ол пәтердің меншік иесімен некелерін тіркемей бірге тұрған. Қолданыстағы азаматтық заңнамада азаматтық неке деген түсінік қарастырылмаған.

Сот кезінде өз есебінен бүкіл коммуналдық төлемдерді төлегені, жөндеу жүргізгені және т.б. негізінде осы пәтерді ортақ меншік деп тану туралы мәлімдеу үшін олар әуел бастан заңды ерлі-зайыптылар болуы тиіс еді. Сол кезде бұл жағдайға Азаматтық кодекстің 233-бабының 2-тармағының «Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлігі, егер неке кезінде ерлі-зайыптылар ортақ мүлік есебінен осы мүліктің құнын едәуір көбейткен салым жүргізілген болса (күрделі жөндеу, қайта жарақтау, қайта жабдықтау және т.б.), олардың ортақ мүлігі боп танылуы мүмкін» деген нормасы қолданылуы мүмкін еді. Бірақ бұл да соттың қарауындағы нәрсе. Ол бұл істе жеңер еді деп біржақты пайымдауға болмайды.

Қазіргі кезде оның сот бойынша осы мүлікті ұстауға байланысты барлық шығындарды өндіріп алуға құқығы бар. Өйткені Азаматтық кодекстің 189-бабының 2-тармағындағы нормада былай делінген: «Егер мүлiк заңды түрде үшiншi жақтарда болса, олардың бөтен адамның мүлкiн күтiп ұстауға жұмсаған шығындарын, егер шартта өзгеше көзделмесе, меншiк иесi өтеуге тиiс». Ол үш жылдан аспайтын талап-арыз мерзімін ескеруі, яғни, соңғы үш жылдағы барлық шығындарды өндіруі тиіс. Өйткені жауапкер соттан осы мерзімді қолдануды өтіне алады және алдыңғы жылдардағы шығындары өтелмейді.

5 қыркүйек 2012, 22:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.