Атырау, 26 сәуір 13:10
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Үйді өздеріңіз есептен шығарыңыздар

1 723 просмотра

- Лазо көшесінің бойындағы – № 26 және №24 үйлер осыдан екі жыл бұрын күрелген болатын. Оның орнына үйлер тұрғызылып, оған біздер қоныстандық. Халыққа қызмет көрсету орталығы жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтамада екі мекен-жайды да көрсетіп тұр: бұрынғы күреліп тасталған үй және жаңа үй. Жылжымайтын мүлік тізіліміндегі күрелген үйлердің мекен-жайын қалай ауыстыруға болады және оны кім ауыстырады?

Телефон арқылы

Сауалға облыстық әділет департаментінің жылжымайтын мүліктерді тіркеу бөлімінің бастығы Болат КЕНЖЕБЕКОВ жауап береді:

– Жылжымайтын мүлікті есептен шығару үшін күрелген үйдің тұрғындары халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, тиісті қағаздарды рәсімдеуі керек. Әдетте үйлерді мемлекеттік бағдарлама бойынша күрейтін болғандықтан, бұл жағдайда орталықта жасақталған сызба бар. Тұрғындар бір мезгілде екі үдерістен өтеді – ескі күрелген үйді иеліктерінен шығарады, оның мекен-жайы мәліметтер базасынан алынып, жаңа мекен-жай енгізіледі. Егер тұрғындармен мемлекет, яғни мемлекет атынан қалалық әкімдіктің ТКШ бөлімі арасындағы келіссөз куәландырылған болса, онда ескі үйді есептен екі тарап та шығара алады. Ал, егер келіссөз куәландырылмаған болса, көбіне өтінішті жаңа тұрғын үйдің иесі де, мемлекеттік орган да бере алады. Мұндай жағдайда ТКШ бөлімі тұрғындарға сенімхат береді. Ескі мекен-жайды тіркеуден шығарып тастау үшін тұрғындар өздерімен бірге жеке бас куәліктерін, баспананы иеленуге құқық беретін құжаттарды, сондай-ақ, ТКШ бөлімінің сенімхаты керек. Ал жаңа мекен-жайды енгізу үшін де ТКШ бөлімінің сенімхаты, пәтерге берілген техникалық төлқұжат және үй иелері мен бірге иемденушілердің (егер олар болса) жеке бас куәліктері керек. Құжаттарды тапсырғаннан кейін ХҚО мамандары құжаттар иесінің қолын куәландырады. Қолдар тексерілгеннен кейін қағаздар ХҚО тапсырылады, тұрғындарға құжаттарды алғандығы жөнінде қолхат беріледі. Бес жұмыс күні ішінде құжаттар дайын болуы тиіс.

8 тамыз 2012, 22:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.