Атырау, 18 сәуір 18:23
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Конкурспен қабылданады

3 422 просмотра

– 1 қыркүйектегі жиында директор оқушыларға енді біздің №31 мектеп Назарбаев мектебі болады деп мәлімдеді. Бұл нені білдіреді? Осыған байланысты мектеп әкімшілігін, педагогикалық ұжым мен оқушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр? Біздің білуімізше, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Нұрсая ықшамауданында салынып жатыр ғой.

№31 мектептің ата-аналары

Біздің сауалымызға қалалық білім беру бөлімінен жазбаша жауап келді. Онда №31 және №16 мектептер Атырау қаласы бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектебі» жобасы үшін конкурстық негізде мұғалімдерді даярлайтын және педагогикалық тәжірибені тарататын тірек мектептері боп табылады деп айтылған.

– Біз, біздің мектебіміздің және №16 мектептің директорлары мен кейбір оқытушылары «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» болдық. Енді басқа оқу орындарының оқытушыларымен тәжірибе бөлісетін боламыз. Сонымен қатар оқушылар үшін тәжірибелік дайындық сыныптарын ашуды жоспарлап отырмыз, - дейді №31 мектеп директоры Ғаділжан КЕРЕЕВ.

– Біздің міндетіміз – өз оқу орындарындағы сабақтарға мүмкіндігіне қарай жаңа мағлұматтар мен әдістемелер қолдану, - деді №16 мектеп директоры Светлана ИСМАҒҰЛОВА.

Бұл Атыраудағы «Назарбаев Зияткерлік мектебіне» аталмыш мектептердің мұғалімдері мен оқушылары автоматты түрде ілігеді деген сөз емес. Қалалық білім беру бөлімінің сендіруінше, зияткерлік мектебі үшін мұғалімдерді де, оқушыларды да орталықтың қабылдау комиссиясы конкурстық негізде іріктейтін болады.

12 қыркүйек 2012, 23:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.