Атырау, 10 желтоқсан 22:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Жалақы әзірге көтерілмейді

2 351 просмотра

– Биыл бюджет қызметкерлерінің, атап айтқанда, мемлекет қызметкерлерінің еңбекақысын көтере ме?

Телефон арқылы

– Әзірге бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақыларын көтеру қарастырылмаған, - дейді Атырау облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Қуаныш МҰРАТОВ. Әдетте еңбекақының көтерілетіндігі туралы президент өзінің жыл сайынғы Жолдауында алдын-ала жариялайды. Алайда биыл жыл басында жариялаған Жолдауында бұл туралы ештеңе айтылмаған. Естеріңізге салсақ, бюджет қызметкерлерінің жалақысын 2009 және 2010 жылдары 25 пайызға, 2011 жылы 30 пайызға көтерген еді. Біздің облысымызда 3 290 мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді, олардың қызметтері Мемлекеттік қызметкерлер туралы заңмен реттеледі. Олардан басқа облыста бұл заңның күші жүрмейтін де мемлекеттік қызметкерлер бар. Олар ішкі істер органдарының, қаржы полициясының, кеден, ҰҚК қызметтерінің қызметкерлері және т.б.

12 қыркүйек 2012, 23:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.