Атырау, 26 сәуір 01:58
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Алқа шешеді

2 101 просмотра

- Жеке сот орындаушысының үстінен шағымды қалай және қайда жолдауға болады, соны айтыңыздаршы? Осыдан бір жыл бұрын менің ағам жол апатына ұшырады, біз жауапкерден шығын сомасын өндіріп алу үшін сот орындаушысын жалдадық. Оның қызметі үшін біз өндірілетін соманың 10%-ын беруге тиісті болдық.  Жауапкер ақшаның көп бөлігін берді, бірақ қалған бөлігін беруге асығатын емес, сот орындаушы болса өзінің міндетін орындауды тоқтатты, қазір, ол тіпті телефон қоңырауына да жауап  бермейді.

Валерия

Сауалға заңгер Айнагүл ДӘУЛЕТБАЕВА жауап береді:

- Атқару өндірісі аяқталғаннан кейінгі төленетін жеке сот орындаушысының қызмет ақысының сомасы өндірілген өтемақының  10%  мөлшерінде немесе мүлік құнының, не болмаса мүліктік емес сипаттағы орындау  құжаттары бойынша жеке тұлғалардан 10 АЕК (1 АЕК – 1 618 теңге) және заңды тұлғалардан 20 АЕК көлемінде белгіленеді.

Бұл төлемақы орындау құжаты тек толық немесе ішінара орындалған жағдайда ғана төленеді. Егер ақшалай сипаттағы орындау құжаты ішінара орындалған болса, онда жеке сот орындаушысы тең өндірілген соманың, сыйақының тек бір бөлігін ғана өндіріп алады. Авансқа келетін болсақ, онда жеке сот орындаушы өндіріп алушыдан жұмысты орындауға байланысты шығындар үшін (мәселен, жолақысына) нақты бір соманы талап ете алады. 

Алайда, аванс сомасы ҚР үкіметімен бекітілген арнаулы тарифтермен реттеледі. Сот орындаушыға өз қызметінің белгіленген төлемақысының мөлшерін өзгертуге тыйым салынады.

Жеке сот орындаушыларының әрекетіне кәсіби бақылауды жеке сот орындаушыларының аймақтық алқасы жүргізеді. Сіз жеке сот орындаушысының жұмысына қатысты дәл осы алқаға немесе сотқа шағымдана аласыз.  Сот жеке сот орындаушысының қызметін төлемді өндіріп алу немесе мөлшерін анықтау барысындағы әрекетін заңсыз деп таныған жағдайда ол негізсіз алынған ақшаны сот актісі заңды күшіне енгенге дейін 10 күн ішінде кері қайтаруға тиісті. 

22 тамыз 2012, 22:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.