Атырау, 20 сәуір 00:12
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Несие алуға үміт жоқ

2 200 просмотра

– Жалақым аз болғандықтан банктен көлік сатып алатын несие ала алмай жүрмін. Менің білуімше, банктер ықтимал қарыз алушылардың зейнетақы жарналары туралы мәліметтерге сүйене отырып, табысты тексереді. Егер мен 10 пайыз тиесілі зейнетақы жарнасына тағы да ерікті түрде 10 пайыз салып тұрсам, бұл несие рәсімдеу кезінде ескеріле ме? Немесе, мәселен, жұмыс беруші зейнетақы қорына 10 пайыз емес, менің жалақымның 20 пайызын аударып тұрса ше?

Телефон арқылы

Сұраққа «Халық банкі» ЖЗҚ АҚ АФ операциялық басқармасының бастығы Балзира МҰҚАНОВА жауап береді:

– Банктен сіздің несие алу жөніндегі өтінішіңіз қаралған кезде, міндетті зейнетақы жарналарының есеп шотына жеке зейнетақы шоты жарналарының аударылғандығы туралы көшірмесі ескерілетін болады. Міндетті зейнетақы жарнасының мөлшері – табыстың жұмыс беруші бөлетін 10 пайызы – ҚР заңымен бекітілген. Жұмыс беруші, тіпті сіздің келісіміңізбен болса да,  есептелген табыстың 20 пайызы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарнасын ұстауға қақысы жоқ. Қосымша жарналарды аудару үшін өз пайдаңызға ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамту туралы келісім-шарт жасау керек. Бірақ несие алуға өтінішті қарау кезінде жеке зейнетақы шотына аударылған мұндай жарналарды банк қабыл алмайды.

31 қазан 2012, 18:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.