Атырау, 29 наурыз 06:14
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Заң бойынша жеңілдік

1 937 просмотра

- Қалалық қоғамдық көлікте ауған соғысы жауынгерлеріне тегін жүруге жеңілдік берілген бе?

Телефон арқылы

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Серік ҚАБДОЛОВ қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөліміне сілтеме жасай отырып, мынадай түсінік берді:

–Қалалық қоғамдық көлікте тегін жүру құқығына Ұлы Отан соғысына қатысушылар, І және ІІ топ мүгедектері, мектепке дейінгі балалар, оқу кезінде мектеп оқушылары, әлеуметтік қызметкерлер  және ішкі істер органдарының бірнеше қызметкерлері  ие болып отыр. Сонымен қатар зейнеткерлерге де 50% жеңілдік берілген. Ауған соғысы жауынгерлері жеңілдік берілетіндер қатарында жоқ.  Дегенмен, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында «Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері мен соларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау мен жеңілдіктер туралы» ҚР Заңының 6-бабының негізінде   бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшiлер ала алады деп түсіндірді.

7 қараша 2012, 18:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.