Атырау, 13 қазан 07:13
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Өзгенің ақшасы керек емес

1 911 просмотра

– АМУ-нің жаратылыстану факультетінің грантта оқитын студенттерінен стендіге ақша жинауда. Грантта оқитындарды университеттің шығындарын төлеуге неге мәжбүрлейді? Әдетте олар коммерциялық оқу есебімен жабылмай ма?

Телефон арқылы

Сауалға  Х. Досмұхамедов атындағы  Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Бейбіт МАМРАЕВ жауап береді:

– Бізде оқу орнымызда студенттерден ақша жинау фактісі тіркелмеген. Сондай-ақ, университеттің материалдық шығындары жоспарлы түрде бекітілген өз бюджетінің есебімен төленетінін айтқым келеді. Сіздің сауалыңызды жаратылыстану факультетінің деканы қаперіне алады. Болашақта жағымсыз фактілер бойынша тиісті шаралар алу үшін нақты фактілерді негізге ала отырып, хабарласуды сұраймыз.

24 қазан 2012, 22:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.