Атырау, 27 шілде 04:48
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Қымбат нотариус

1 945 просмотра

– Нотариалдық қызмет көрсетуде І топ мүгедектеріне қандай да бір жеңілдіктер бар ма? Маған мұрагерлікті рәсімдеу керек, алайда, нотариустардың қызметі өте қымбат. Олардың бағаларын кімдер реттейді?

Телефон арқылы

Сұраққа облыстық әділет басқармасының баспасөз хатшысы  Гүлбахрам ЖАУҒАШТИЕВА жауап береді:

– Бұрын бағалар тізімі нотариустар палатасында жасақталды. Енді нотариалдық әрекеттер бойынша барлық ставкалар ҚР «Нотариат туралы» заңының негізінде бекітілген. Бұл заңға өткен жылдың аяғында өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Айталық, өсиетнаманы және жалғас қызметтерді (кеңес беру, құжаттардың көшірмесі мен үзіндісін дайындау және т.б.) куәландыру 4 854 теңгені құрайды, сатуға, сыйға тартуға, автокөлік құралдарын ауыстыруға берілетін сенімхаттарды куәландыру– 6 472 теңге, сату құқығынсыз берілетін сенімхат – 3 236 теңге және т.б. ең қымбат тұратын қызмет түрлері  – қалада, егер тараптардың бірі заңды тұлға болса жылжымайтын мүліктен айыру (жер телімдері, үйлер және т.б.) келісім-шарттарын куәландыру – 27 506 теңге. Төлем төлеуден нотариалдық куәландыруға жататын құжат жобасын өз беттерінше дайындайтын жеке және заңды тұлғалар; соғысқа қатысушылар; «Алтын алқа», «Күміс алқаға» ие болған көпбалалы аналар; І-ІІ топ мүгедектері, жасына байланысты зейнеткерлікке шыққандар; қарттар үйінде тұратын қарт адамдар мен мүгедектер; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балалар босатылады.

31 қазан 2012, 18:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.