Атырау, 20 сәуір 01:25
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Сот шешімі болса жарайды

2 065 просмотра

– Мен күйеуіммен 2003 жылы ажырастым, сол кезде қолыма ажырасу жөніндегі сот шешімінің көшірмесін алдым. Енді қазір жаңа некеге тұрғым келеді, бірақ, хал-актілерін тіркеу бөлімінде біздің өтінішімізді алудан бас тартып отыр, өйткені, менде ажырасу жөніндегі куәліктің түпнұсқасы жоқ. Оны қайдан алуға болады? 

Телефон арқылы

Сауалға Атырау қалалық әділет басқармасының бас маманы Гүлфара МАРАТОВА жауап береді:

- Егер адам бұрын некеде тұрған болса, жаңа некеге тұруға өтініш берген кезде  міндетті түрде ажырасу туралы куәліктің немесе бұрынғы күйеуінің өлгендігі туралы куәліктің  түпнұсқасы мен көшірмесін ұсынуы тиіс. Көшірмеге біздің қызметкерлеріміз «көшірмесі дұрыс» деген белгі соғып, түпнұсқаны кері қайтарады. Егер ажырасу жөніндегі куәлікті қайтадан алу мүмкіндігі болмаса, онда сот шешімін  ұсынуға болады. Бұл құжатты мемлекеттік мұрағаттан табуға болады.

24 қазан 2012, 23:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.