Атырау, 27 желтоқсан 08:35
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Тариф бақылауда

1 719 просмотра

– Таяуда бізге газбен жабдықтаушы компанияның тексерушісі газ тарифтерінің өсетінін хабарлады. Қателеспесем, тарифтерді бекіту жөнінде меморандумға қол қойылмап па еді. Тарифтер қандай себептерге байланысты өсірілмек? Төлемдерді қабылдау қосындары қаланың түрлі аудандарынан ашыла ма? Біздер үшін Алмагүл мөлтек ауданына үнемі барып төлеу қолайсыз.

Телефон арқылы

Сауалға «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалының директоры  Елдар ТАҒАШ жауап берді:

– Бұл бір түсінбестік болар. Газ тарифі бұрынғысынша қалады. Біріншіден, біз бір жақты тәртіп бойынша тарифті өсіре алмаймыз, екіншіден, бізге тарифті көтеру мәселесін қайта қарауға рұқсат бермейтіндігі туралы жазылған меморандум бар.

Төлемдерді қабылдаудың қосымша қосындары туралы айтар болсақ, бүгінгі күні  біз газ үшін кез-келген есеп-кассалық қызмет көрсету бөлімшелерінен төлеу мәселесін банктермен бірлесе отырып шешуді қарастырудамыз.

14 қараша 2012, 17:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.