Атырау, 30 мамыр 11:38
 дождьВ Атырау +14.2
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

Қоғам

Шырша келді ортаға! Қоғам

Шырша келді ортаға!

Бірнеше күннен кейін қысқы каникул басталады. Оны оқушылардан гөрі ата-аналардың өздері асыға күтетіні сөзсіз. Өйткені, олар үй тапсырмасын тексеруден демалады.  Алайда, ата-аналық парызды орындап, сәбиді шырша мерекесін тойлау кешіне апару керек. 26 желтоқсан 2012, 22:26 7 378 рет қаралды
Тілсіз жаумен алысқан Қоғам

Тілсіз жаумен алысқан

Атырау қалалық №1 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Асылбек ОРАЗБАЕВҚА Астанада бейбіт уақытта ерлік жасаған қаһармандарға құрмет көрсету аясында мемлекеттік марапат тапсырылды. Елордада өткен шарада ол еліміздің түкпір-түкпірінен келген басқа қатысушылармен (өрт сөндірушілермен, дәрігерлермен, полицейлермен) қатар «Қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және «Қазіргі заман қаһарманы» мүсіншесімен марапатталған. Осы уақыт ішінде Асылбек жүздеген өртті сөндіріп, ондаған адамды құтқарыпты. 20 желтоқсан 2012, 00:00 2 253 рет қаралды
Сәнге айналған есімдер Қоғам

Сәнге айналған есімдер

Сәнге айналған есімдер өзгеріп отырады. Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметкерлері атап өткендей, оған салмақты саяси оқиғалардан бастап жаңа сериалдардың басталуына дейінгі нәрселердің барлығы ықпал ететін көрінеді. 19 желтоқсан 2012, 16:57 21 883 рет қаралды
Алпысбай - қасқырдың қас жауы Қоғам

Алпысбай - қасқырдың қас жауы

Облыстық аңшылық және балық аулау қоғамының деректері бойынша, жыл басынан бастап облыста 264 қасқыр, 14 шиебөрі және 57 бөлтіріктің көзі жойылған. Осы қасқыр аулау бәсекесінде атыраулық 53 жастағы аңшы Алпысбай КҮЛПЕЙІСОВ жеке топ бастап тұр, оның еншісінде 172 олжа бар. Одан кейін 47 қасқырды атып алған Исатай аудандық аңшылық шаруашылығының қорықшысы Дауылбай ҚАНАТБАЕВ келеді. 19 желтоқсан 2012, 16:02 15 969 рет қаралды
Жаңажылдық акция: «О, алақай, Аяз Атай!» Қоғам

Жаңажылдық акция: «О, алақай, Аяз Атай!»

Бұл бүлдіршіндердің жүзіне күлкі үйіріп, олардың әлеміне сәл де болса шуақ сыйлағаннан артық не бар? Жаңа жылда осы сәбилердің ата-аналары олардан Аяз Атадан қандай сыйлық алғылары келетінін сұрауы неғайбыл. Сондықтан оның елшісі ретінде біз №1 Сабыр Қазыбаев атындағы облыстық жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернатқа ат басын тіреп, тек жасы кіші бүлдіршіндерден Аяз Атадан не қалайтынын ғана сұрастырған едік. 10 желтоқсан 2012, 15:31 6 629 рет қаралды
Идеялар бар ма? Қоғам

Идеялар бар ма?

Келе жатқан 2013 жылы, әйтеуір дегенде, Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігі түбінен мұнай мен газ өндіру басталады деп күтілуде. Мұнайшылар мен экологтар арасындағы сөз тартысты 20 жыл ішінде биогенді теңіз техногенді қасіретке айналды. Мұнайшылар өздерінің нағыз маман екендерін дәлелдеп, су түбінен мұнай өндіруге, өңдеуге және тасымалдауға қажеттінің бәрін салды. Ал теңіз табиғаты мен оның биоресурстарын қорғаушылар осы жиырма жылда су қоймасының биоөнімділігін қорғауға байланысты бірде-бір жоба ұсына алмады. 13 желтоқсан 2012, 00:00 10 754 рет қаралды
Көбелектер әлемі Қоғам

Көбелектер әлемі

Қолмен Көгілдір Морфо көбелегін ұстап көру үлкен бір сәттілік деп саналады. Бұл көбелектің атауы үндістерше «жерге құлаған аспан бөлігі» деген  мағынаны береді. Амазондық тайпалардың наным-сенімдері бойынша қолдарына осы көбелек қонған жолы болғыштар өздерінің құпия тілектерін тілесе, ол сөзсіз орындалады екен. Қала тұрғындары мен қонақтарына Морфоның алақан көлеміндей қанатына қол тигізіп қана қоймай, басқа да тропикалық көбелектердің  көз тартатын әдемілігін  көру мүмкіндігі туды. Өлкетану мұражайында сүйкімді көбелектердің  көрмесі  ашылды. 6 желтоқсан 2012, 00:00 23 062 рет қаралды
Кел, құшақтасайық! Қоғам

Кел, құшақтасайық!

4 желтоқсанда «АЖ» тілшілері жүргіншілерді Құшақтасу күнімен құттықтады. Түстен кейінгі уақыт болатын. Біз Тамара және фототілші үшеуміз қаланы шарлап, кімді бірінші құшақтасақ екен деп ойлаумен болдық. Сөйтіп ЖПБ қызметкеріне көзіміз түсті. Жүрістерін баяулатқан көліктерді көзімен енжарлана ұзатып салған қызметкер көңілсіз көрінді. Ал оның кеудешесі мұң торлаған адамның келбетімен үйлесім тапқандай еді. Бітті, шешім қабылданды. Біз соған қарай жақындадық. 5 желтоқсан 2012, 15:11 5 712 рет қаралды
2012 жылдың қыркүйегі: еске түсірсек... Қоғам

2012 жылдың қыркүйегі: еске түсірсек...

Молдағұлова көшесіндегі жеке үйде өзін-өзі жару фактісі бойынша жүргізілген тергеу жұмыстары, Құлсарыдағы арнайы операция, Атырау қалалық ІІБ полицейлеріне жасалған шабуыл және «Көктем» ықшамауданындағы арнайы операциялар туралы «Ақ Жайық» газетіне Атырау облыстық ҰҚКД тергеу-жедел тобының жетекшісі Амангелді ӘБІЛҒАЛИЕВ әңгімелеп берді. 28 қараша 2012, 17:06 3 573 рет қаралды
Ойнақтаған ортекенің жүлдесі – Дендерде Қоғам

Ойнақтаған ортекенің жүлдесі – Дендерде

Алматыда «Ортеке-2012» ІІ Халықаралық дәстүрлі қуыршақ өнерінің фестивалі өткен болатын. Оған Ресей, Эстония, Қырғызстан және Қазақстан шеберлері қатысты. Индер ауданынан барған екі қатысушы (суретте) фестиваль жүлдесімен оралды. Ғизат СЕЙТҚАЛИЕВ 1-орынға ие болып, 500 мың теңге көлеміндегі сыйақы жеңіп алды, ал Серік НЫСАНОВ 3-орын иеленді. 28 қараша 2012, 16:38 3 405 рет қаралды
Азғыр жарылыстан көз ашпады Қоғам

Азғыр жарылыстан көз ашпады

- Басталды, басталды! - Не басталды? - Күнде осы! Бізден 40 шақырым жердегі Ресейдің Ашулук полигонында снарядтарды жарып жатыр, - дейді Асан селолық округінің әкімі Нұржан ӘУБЕКЕРОВ қабырғадағы қисайып кеткен президент портретін түзеп тұрып. Менің әкімдіктен тезірек шығып кеткім келді... 21 қараша 2012, 18:23 6 268 рет қаралды
Жүз жасаған майдангер Қоғам

Жүз жасаған майдангер

Ашығын айтсам, осы бір кездесуге мен қатты толқып бардым. Гүл сататын дүкен ішінде де айналсоқтап жүріп алдым. «Ер адамға қызыл раушан гүлдерін сыйлауға болмайды, одан да ағын алыңыз»,  деп кеңес берді сатушы. Мен аппақ қардай бақыт гүлін таңдап алдым. Бұл гүлдер шынайылық пен ризашылықтың белгісі... Міне, Әбдірахманов көшесінде орналасқан шағын ғана үйге келдім. Жүзі күлімдеп мені Ұлы Отан соғысының ардагері Матвей Степанович КРЮКОВТЫҢ (суретте) өзі қарсы алды. Ардагер бүгінгі күні өзінің ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ мерейтойын атап өтуде. 21 қараша 2012, 21:40 2 341 рет қаралды
Балалар алаңсыз қала ма? Қоғам

Балалар алаңсыз қала ма?

Сәтпаев көшесі бойындағы үйлердің тұрғындары өздерінің онсыз да тып-тығыз орналасқан ұлтарақтай ғана ауласында кеңсе ғимаратының салынатындығы туралы ПИК қатысушыларының жалпы жиналысында естіді. Ести сала қатты таң қалды. Болашақ ғимараттың орнында сегіз үйге ортақ жалғыз ғана балалар алаңы орналасқан еді. 14 қараша 2012, 18:42 2 287 рет қаралды
Адыра қалған атажұрт Қоғам

Адыра қалған атажұрт

Азғыр өңірінде қазір халық тұрып жатқанымен, бұрынғы ядролық полигонға жақын орналасқан барлық елді-мекендер әлеуетті-қауіпті аймақта тұр. Мамандардың бағалауынша, қауіпті ошақтарды жою жұмыстары жүргізілген көптеген технологиялық алаңдарда радиация қайтадан білінген. Елді-мекенге жақын алаңдардың бірінде топырақ түсе бастап, ойықтар мен үңгірлер пайда болған. Демек, радиация әрі қарай да таралады деген сөз. 14 қараша 2012, 16:28 7 451 рет қаралды
Еріктілер жәрмеңкесі Қоғам

Еріктілер жәрмеңкесі

Егер ішінде тамызық болмаса, пештің өзінен-өзі жылымайтыны белгілі. Сондықтан «Astana Alumni Association» еріктілер бірлестігіндегі жергілікті жастар жалғызбасты зейнеткерлер үшін екінші жыл қатарынан қысқы уақытқа көмір сатып алып беріпті. Бұған ақшаны жастар түрлі шаралар ұйымдастыру арқылы табады. 14 қараша 2012, 14:50 2 741 рет қаралды
Жылу берушілер ақшамызды қалай игеруде Қоғам

Жылу берушілер ақшамызды қалай игеруде

5 қарашада «Атырау жылу желілері» АҚ журналистерді тұрғындардың қаржысына жасақталған инвестициялық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен таныстырды. Кездесудің бастамашысы табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік департаменті болды. 8 қараша 2012, 00:00 2 659 рет қаралды