Атырау, 9 желтоқсан 21:04
 ашықВ Атырау -9
$ 514.65
€ 544.60
₽ 5.17

Елес үйдің кілті

4 809 просмотра

Бұрынғы облыс басшылығы салтанатты түрде көптен күткен пәтерлерінің кілтін табыстаған медицина қызметкерлерінің қазіргі көңіл-күйі мерекеге сай емес. Өйткені, бұл пәтерлер атымен жоқ...

Қалалық балалар емханасының педиатры Бибігүл ИМАНҒАЛИЕВА әдемі қораптағы сол кілттер мен медиктерге арналып, олардың кәсіби мерекесі күні – 16 маусымда Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өткен құттықтау салтанаты туралы жергілікті баспасөзге жарияланған жарияланымды көрсетті. Осы шарада сол кездегі облыс әкімінің орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ жаңа пәтердің кілттерін (қай жаңа үйден екенін нақтыламай) бір топ медицина қызметкерлеріне, соның ішінде Б. Иманғалиеваға салтанатты түрде табыстапты. Бибігүл сол кезде тіпті сөз алып, алғысын білдіріп, денсаулық сақтау саласына 22 жыл ғұмырын арнағанын, осы жылдар бойына екі қызымен бірге жақсы баспана туралы армандағанын, өйткені олар тұратын Доссорский өткелінің бойындағы апатты үй әр көктем сайын ағын сулардың астында қалатынын айтқан.

- Келесі күні мен қалалық ТКШ бөліміне барып, әзілдеген болып: «Кілтті бердіңіздер, ал есік қайда?» деп сұрадым. Маған сол кезде оның шынайы кілт емес, макет, нақпішін екенін айтып, пәтер тапсырылатын алғашқы үйлерден беріледі деп сендірді. Жарты жыл өтті, ал уәде етілген пәтер әлі жоқ.

Медиктердің айтуынша, алдымен олар жайбарақат күткен. Бірақ облыс әкімі ауысып, бірінен соң бірі қылмыстық істер қозғалып жатқаннан кейін мазалары қаша бастаған. Олары бекер болмапты. Осыдан соң ТКШ-дағылардың ешқайсысы оларға сыпайылық танытпайтын болған.

Қыркүйекте Бибігүл қалалық прокуратураға шағымданып, сол жерден оның шағымын қалалық әкімдікке жолдайды. Қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВ ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы заңның 74-бабына сілтеме жасап, былай деп жауап беріпті: «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға мұқтаж кезекке тұрғандар тізімі төрт топқа бөлінеді: 1. Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарынан тұратын азаматтар (11 топ). 2. Мемлекеттік және бюджет қызметкерлері, әскери қызметкерлер. 3. Егер ол бірден-бір баспаналары болса, апатты үйлердің тұрғындары. 4. Ұлы Отан соғысының ардагерлері». Содан соң Бибігүлдің шағымы тұрғын үй комиссиясының кезекті отырысында қаралады деп уәде берген.

Тағы бір айдан соң Нұрлығожиев оған: «Атырауға алдағы уақытта Байшонас пен Ескене поселкелерінің тұрғындары көшірілетіндіктен пәтерлерді бөлу мүмкін болмайтындығын» хабарлапты. Ал медиктерді жеке қабылдаған облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ бұл мәселенің нүктесін қойған. Ол медиктердің бұрынғы команда тарапынан жасалған алаяқтық құрбандары болғанын айтыпты. Тек медиктер ғана емес, олардың ішінде басқа да бюджет қызметкерлері – құқыққорғау органдарының, білім беру және мәдениет қызметкерлері де бар.

Қазіргі билік бұрынғы команданың күнәсі үшін жауап беретін сыңай танытпады: енді Бибігүл мен оның әріптестері пәтерді тек кезектілік тәртібімен алатын болды.

- Мен кезек бойынша 776-орында тұрмын. Бұл жаңа пәтерді әлі көп жыл көрмеймн деген сөз,- дейді күйінген Бибігүл. – Олар бізді неге сонша оңдырмай алдап соқты екен?!

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

29 желтоқсан 2012, 18:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.