Бірнеше күннен кейін қысқы каникул басталады. Оны оқушылардан гөрі ата-аналардың өздері асыға күтетіні сөзсіз. Өйткені, олар үй тапсырмасын тексеруден демалады. Алайда, ата-аналық парызды орындап, сәбиді шырша мерекесін тойлау кешіне апару керек.
М. ӨТЕМІСҰЛЫ атындағы ДРАМА ТЕАТРЫ
Бағдарлама бойынша шыршаны айналып ән айтылады және қойылым көрсетіледі. 27-30 желтоқсанда қазақ және орыс тілдерінде күніне үш рет: сағат 10.00-де, 12.00-де және 14.00-де балалар әртістер қойылымын тамашалайтын болады. Бұл ірі мекемелер мен ұйымдасқан ұжымдар үшін жақсы нұсқа. Зал үлкен, орын бәріне жетеді. Ұйымдастырушыларға балаларға берілетін тәтті сыйлықтар туралы ойластыру керек.
Билет құны –1 мың теңге.
ҚҰРМАНҒАЗЫ атындағы МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ
Ертеңгіліктер 1 қаңтарда сағат 11.00, 13.00 және 15.00-де басталады. Бағдарлама бойынша шыршаны айналып ән айту, ойындар мен конкурстар ұйымдастырылады, ал содан кейін жаңажылдық «Шыршаның туған күні» қойылымы көрсетіледі. Қойылымды тақ күндері (1, 3 және 5 қаңтарда) қазақ тілінде, жұп күндері (2, 4 және 6 қаңтарда) орыс тілдерінде тамашалайтын боласыздар.
Билет құны сыйлығымен бірге - 2 800 теңге, сыйлықсыз – 1 200.
«АТЫРАУ» ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ
Қазақ және орыс тілдеріндегі «Сиқырлы әлемге саяхат» деп аталатын мерекелік қойылым 27-30 желтоқсанда сағат 15.00 және 17.00-де өткізіледі. Жанды ойыншықтар – үлкен пүліш Мишуткалар балаларды Атлантидадан келген құпия меймандармен және Ай адамдармен таныстырады. Қойылымға қатысушылар болашаққа саяхат жасап, Жаңа жылды құтқарып, мықты батыр бола алады. Және әртістер дайындаған сиқырлы трюктерді тамашалайды.
Билет құны – 6 мың теңге.
«ТАМАША» САУДА-ОЙЫН САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
«Тамаша» сауда-ойын сауық орталығы алғашқылардың бірі боп, 19 желтоқсаннан бастап балаларға арнап жаңажылдық ертеңгіліктер өткізе бастады. Орталық 2-ден 12 жасқа дейінгі балаларды «Мадагаскардағы Жаңа жыл» атты көңілді қойылымға шақырады. Балаларды олардың сүйікті кейіпкерлері арыстан Алекспен, зебра Мартимен, сусиыр Глориямен, Спанч Бобпен және Гарри Поттермен, содан соң Аяз Ата және Ақшақармен кездесу күтіп тұр. Олар бірге ән айтып, би билеп, қол ұстасып, шыршаны айналып өлең айтатын болады. Тамаша өнер көрсеткен ең талантты балақайларды шағын сыйлықтар күтіп тұр. Билет құны 2 мың теңге, оған қойылым, тәтті сыйлық пен «ИгроРай» ойын кәртішкесінің 500 бірлігі кіреді. Ұйымдастырушылар кәртішкені өздеріңізбен бірге ала келуді өтінеді. Қойылым күн сайын сағат 11.00-де және 15.00-де 10 қаңтарға дейін өткізіледі.
FUNKY TOWN ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Бұл жерде жаңажылдық шыршалар 20 желтоқсаннан бері өткізіліп жатыр. «Пингвиндердің Жаңа жылда бастан кешкендері» қойылымы 6 қаңтарға дейін жалғасады. Пингвиндер басшысы Шкипер, тактика мен техника маманы Квальски және қасақы капитан Шантель Дюбуа балаларды сағат 10, 12 және 14-те күтеді. Оларға Аяз Ата, Ақшақар және жаңа жылдың қожасы көңілді Жылан серік болады. Билет құны 2 500-5 000 теңге аралығы. 2,5 мыңның базалық пакетіне қойылымнан басқа, тәтті сыйлық пен парк аттракциондарын төлеу үшін 2 мың бірлік кіреді. Билет қымбат болған сайын, бірлік те көп болады.
Бұлардан басқа жыл сайын күндізгі уақытта балаларға арналған мерекелік түскі ас ұйымдастыруға әзір мейрамханалар қатары көбейіп келеді. Аспаздар балалардың ас мәзірін әзірлейді, оның құрамына ересектердің пікірінше зиянды, бірақ балалар үшін ең жақсы фри картобы, гамбургерлер, чизбургерлер, пицца кіреді. Ата-аналардың көңілін тыншыту үшін мәзірге жеміс ассортиі мен шағын тәтті тоқаштар қосылады. Кейбір мекемелер шараны жүргізетін өз жүргізушілерін ұсынуға дайын, қалғандары ата-аналардың өздері шақырған әртістердің келуіне қарсы болмайды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА