Атырау, 23 қараша 18:32
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жаңажылдық акция: «О, алақай, Аяз Атай!»

6 206 просмотра

Бұл бүлдіршіндердің жүзіне күлкі үйіріп, олардың әлеміне сәл де болса шуақ сыйлағаннан артық не бар? Жаңа жылда осы сәбилердің ата-аналары олардан Аяз Атадан қандай сыйлық алғылары келетінін сұрауы неғайбыл. Сондықтан оның елшісі ретінде біз №1 Сабыр Қазыбаев атындағы облыстық жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернатқа ат басын тіреп, тек жасы кіші бүлдіршіндерден Аяз Атадан не қалайтынын ғана сұрастырған едік.

ОЛАР ҚАНДАЙ СЫЙЛЫҚТЫ ҚАЛАЙДЫ?

Серёжа Мохначёв, 9 жаста: Мен Аяз Атаның шырша түбіне қызыл немесе көк түсті әдемі машинаны салып қойғанын қалаймын. Жоқ, көк болғаны дұрыс. Оның басқару пульті мен батарейкасын ұмытпасын деп өтініңізші. Тағы да қалауыма бола ма? Кішкентай ойыншық әскер сарбаздары болса екен деймін. Рахмет!

 

 

Камилла Заитова, 9 жаста: Менің Барби қуыршағым болса деп армандаймын. Өзі кішкентай, тарауға болатын әдемі шаштары болса. Сосын таңқурай иісі бар сусабыным болса деймін. Ал ободок пен бантикті де сұрауыма бола ма? Ой! Қандай керемет!!!

(Алақанын шапалақтады.)

 

Шынар Женденова, 10 жаста: Мен де сусабыным болса деймін, тек алма иісі болсын. Хош иісі бар себілгіге (душқа) арналған гельді, Винкс қуыршағы мен мойыналқа қалаймын.

 

 

 

Николай Будный, 10 жаста: Шынымен де Аяз Ата әкеле ме? Ал ол маған тетрис сыйлай ала ма? Күшті!!! Бәлкім, ол сыйлыққа иіссу да қосып берер. Ал басқару тетігі бар тікұшақты ше?..

 

 

 

Альбина Заитова, 11 жаста: Шынымды айтсам, Аяз Атаның жоқ екендігін түсінетіндей жастамын. Алайда бұл өмірде бәрі де мүмкін, егер ол шынымен де бар болса, мен оған таң қалмаймын. Егер солай болса, маған МР-3 плеер әкелсе жақсы болар еді. Алдын-ала рахмет!

 

 

Аржан Бисенова, 8 жаста: Сонда қалай? Әрине, Аяз Ата бар. Мен оны өткен жылы көргенмін. Винкстің ұл балалары бар қуыршақтар жиынтығын  және «Ранетки» арқақабын қалайтынымды айтып барыңызшы.

 

 

 

Аня Мурыгина, 10 жаста:Жауап бермес бұрын, қыз бала менің құлақ тұсымдағы шашымды елжірей жөндеп, содан соң көзіме зер салып қарап: «Сізді шынымен де Аяз Ата жіберді ме?» деп сұрады. «Иә» деген жауапты алған соң, сөзін жалғастырды: Мен үшін Винкс қуыршақтарын және қыздарға арналған косметика жиынтығын: тырнаққа арналған лак, қызғылт суы бар әтір... сұраңызшы.. Егер оның бұған мүмкіндігі болса, МР-3 плеер болса. Рахмет.

 

Степан Колесников, 13 жаста: MP-3 плеер, құлаққап жетіспей тұр…

 

 

 

 

Асылбек Хасанов, 10 жаста: Аяз Ата маған басқару тетігі бар машина мен Спайдермэн әкелсінші. Рахмет!

 

 

 

Самат Қармашев, 7 жаста: Не дедіңіііз?!Шын Аяз Ата әкеле ме? Оған менің тілегімді қалай жеткізесіз? Хатпен бе? Оған жетіп үлгереді деп ойлайсыз ба? Жарайды онда. Ойлану керек... Спайдермэн машинасы, сосын тетрисім болса деймін. Хаттың жететініне сенімдісіз бе?

 

 

Айтқұл Альбиев, 12 жаста: Ол сенің тілегіңді қалай білсе де бәрібір емес пе? Сен, бастысы, тіле! Одан маған пульті бар тікұшақ әкелуді өтініңізші. Мен өте қуанышты болар едім.

 

 

 

Алексей Алимбаров, 12 жаста: Білесіз бе, 31 желтоқсанда менің туған күнім болады. Шын айтамын. Мен тетікті тікұшақ алғым келеді. Бұл Жаңа жылдық сыйлыққа. Ал туған күніме – крассовка мен баскетбол формасын қалаймын. (Аяқ киім өлшемі – 37, киім өлшемі - 40).

 

 

Сүлеймен Фомин, 12 жаста: Күрес кроссовкасы мен күреске киетін форма қалаймын. Болды. Осы жетеді. Рахмееет!

 

 

 

Саламат Жұбанов, 11 жаста: Пультті ұшақ пен машинам болса. Аяз Атаға рахмет!

 

 

 

Жұмагүл Құлниязова, 9 жаста: Ойыншықтан басқаны қалауға бола ма? Ой, рахмет! Мен шырша кешінде Күлбикеш болғым келеді, бірақ менің әдемі көйлегім мен хрусталь туфлиім және кішкентай күміс тәжім жоқ. Бәлкім, Аяз Ата маған мұны сыйға тартар? (Аяқ киім өлшемі – 32, киім - 38)

 

 

Марианна Ульянова, 11 жаста: Егер сен Күлбикеш болсаң, мен онда басқа ханшайым боламын. Көп-көп желбіршектері бар әдемі көйлегім болса деп армандаймын. Қызғыл түсті болса, бірақ жасыл да барады. Бәрі қызғылт түсті көйлек киетін шығар. Ал мен жасыл түстісін ұнатамын. Сосын туфли болса, хрусталь емес, менің аяқ өлшеміме келетін қарапайымы жарайды. Рахмет. (Киім өлшемі  - 38, аяқ киім - 32).

 

Диана Амантай, 8 жаста: Мен де көйлек қалаймын! (Киім өлшемі - 38, аяқ киім - 32.)

 

 

 

Владик Денисов, 10 жаста: Аяз Атаға ішінде кішкентай машиналары бар КамАЗ-ды қалайтынымды түсіндіріңізші. Содан соң пультпен басқарылатын тағы бір машина және робот қалаймын. Көп сұрап қойған жоқпын ба? Біреуі болса да болады. Бірақ бәрі де болғаны жақсы еді.

Аман Нұрғалиев, 10 жаста: Пульті бар машина және құлаққабымен бірге МП-3 плеер!

 

 

 

Алина Потёмкина, 9 жаста: Қуыршақ қалаймын.

Равиль Ким, 9 жаста: Сыйлық күтем.

Нұрсұлтан Зайтоп, 5 жаста: Қорапқа салынған тосын сый қалаймын. Сосын чупа-чупс.

 

 

 

 

Кристина Гетц, 6 жаста: Мен қызыл костюмім болса деймін.

 

 

 

 

 

Анастасия Надёнова, 4 жаста: Білмеймін… (қыз бала абдырап, ызаланғаннан жылап қоя жаздады. Сәлден соң өз-өзіне келді, тіпті объективке күлімсіреп қарады. Бірақ Аяз Атадан сыйлыққа не қалайтынын айта алмады. Сондықтан, құрметті оқырмандар, қалаған нәрселеріңізді сыйлай аласыздар).

 

 

 

Луиза Ихласова, 4 жаста: Шашқа тағатын резіңке мен қуыршақ.

 

 

 

 

 

Анэль Берсим, 6 жаста:Сырға мен алқа.

 

 

 

 

 

Люба Александрова, 3 жаста: Үлкен-үлкен сыйлық  пен бөпе қуыршақ.

 

 

 

 

 

Аружан Қабдрахимова, 5 жаста: Айна, шаш түйрегіш, сырға мен моншақ.

 

 

 

 

 

Санагүл Қуанышева, 4 жаста: Ободок пен қуыршақ.

 

 

 

 

 

Фатима Саудабаева, 4 жаста: Джинсы.

 

 

 

 

 

Аружан Қалиева, 6 жаста: Қуыршақ.

 

 

 

 

 

Витя Гетц, 6 жаста: Машина.

Асыланбек Хасанов, 6 жаста: Сыйлық. Бояуларымен бірге альбом.

Никита Длешев, 4 жаста: Сыйлық. Қарындаштар.

Миша Тайжанов, 8 жаста: Сусабын, жуынатын жөке және Өрмекші адамның бетпердесі. Аа, ұмтып кете жаздаппын ғой, пультті машина болса. Аяз Атаға менен сәлем!

 

 

 

Виталик Потёмкин, 8 жаста: Өрмекші адамды, сосын Өрмекші адам мен Бэтменнің бетпердесін және пультті машинаны.

 

 

 

Әсемгүл Қадрахим, 7 жаста: Қуыршақ, музыкасы бар ойыншық телефон.

 

 

 

 

 

Лиза Губерт, 12жаста: MP-3 плеер.

 

 

 

 

 

Сайлау Нұрдәулет, 9 жаста: Пультті машина мен Бэтменнің бетпердесі.

 

 

 

 

Аяз Атаның елшісі Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор және Тамара СУХОМЛИНОВА

 

Асығыңыздар, Жаңа жылға дейін аз уақыт қалды. Сыйлықтардың барлығы редакцияға 26 желтоқсанға дейін жеткізілсе жақсы болар еді. Өйткені 27 желтоқсанда сәбилердің Шырша мерекесі өткізіледі. Сыйлықтарды Жарбосынов, 5 мекен-жайындағы «АЖ» редакциясына әкелуге болады. Қосымша ақпарат алу үшін 27-23-67 телефоны бойынша Анастасия Пастуховаға хабарласыңыздар.

10 желтоқсан 2012, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.