Атырау, 20 сәуір 08:03
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Көбелектер әлемі

20 763 просмотра

Қолмен Көгілдір Морфо көбелегін ұстап көру үлкен бір сәттілік деп саналады. Бұл көбелектің атауы үндістерше «жерге құлаған аспан бөлігі» деген  мағынаны береді. Амазондық тайпалардың наным-сенімдері бойынша қолдарына осы көбелек қонған жолы болғыштар өздерінің құпия тілектерін тілесе, ол сөзсіз орындалады екен. Қала тұрғындары мен қонақтарына Морфоның алақан көлеміндей қанатына қол тигізіп қана қоймай, басқа да тропикалық көбелектердің  көз тартатын әдемілігін  көру мүмкіндігі туды. Өлкетану мұражайында сүйкімді көбелектердің  көрмесі  ашылды. 

Атырауда көрменің ашылуына павлодарлық ұйымдастырушылар арнайы контейнермен түрлі көбелектердің 130-дан аса қуыршақтарын алып келді.

- Қуыршақтарын  біз Филиппиннен және Коста-Рикадан тапсырыс беріп, алдыртамыз, - дейді көрменің экскурсия жетекшісі Жандарбек ЖАКУПОВ. - Көрменің ашылуы алдында шамамен 70-тей көбелек өздерінің пілләсін  тастап кетті, көрмеге олардың оннан аса түрлері қойылды. Тірі көбелектердің  жиынтығы  орналасқан  шағын шатырда барынша тропикалық жағдай жасалған. Ауа температурасы Цельсий бойынша 26 градустан асады, ал, ылғалдылық – 65 пайыздан кем емес. Бұл жерден ағаштарға орналастырылған контейнерлерді көруге болады, оларға  барлық жаңа көбелектер шығып жатқан қуыршақтар ілінген. Келушілерге өз көздерімен көбелектердің қуыршақтарынан шығып, өздерінің жұқа қанаттарын алғаш рет жайып жатқанын көруге болады. Бұл ғажайып көрініс екі сағатқа созылады.

Коллекциядан  сирек кездесетін және өте әдемі Калиго, Павлиноглазка Атлас, Парусник Румянцева, Рисовая бумага және басқа көбелектерді көруге болады. Калиго немесе оны тағы да көбелек-үкі деп атайды, атына сәйкес ол түнде тіршілік етеді. Бұл ультра дыбыс шығаратын жалғыз көбелек, сол арқылы өздерінің ізіне түскен жарқанаттарды жаңылдырады.

Көрмедегі ең ірі көбелек – Павлиноглазка Атлас, оның қанаты жайылғанда 30 см-ге жетеді. Бұл көбелектің тағы бір ерекшелігі  - туғаннан бастап ештеңемен қоректенбейтіні. Аз өмір сүреді, бар болғаны 5-7 күн ғана.  Бұл көбелектердің пілләсі  өте мықты, қалың қатты қағаздан  жасалған сияқты, Тайванда  әйелдер оны әмиян ретінде де қолданады.

Парусник Румянцева көбелектері өте ашық және өзіне бірден назар аудартады. Олардың Отаны Филиппин,  онда  құмарлық нышаны болып  есептеледі. Парусник Румянцев көбелегінің аталығы мен аналығы бірін-бірі үлкен қашықтықтан-ақ сезіне алады. Филиппиндік жігіттер мен қыздар бір-біріне осы көбелектерді махаббат пен адалдықтың белгісі ретінде сыйға тартады. Рисовая бумага көбелегінің қанаты өте өрнекті болып келеді. Бұл өз отаны Қытайда махаббат пен отбасының нышаны болып табылады. Қабыршақ қанаттылардың басқа өкілдерінен айырмашылығы - бұл көбелектер бір некелі және өздерінің қысқа  өмірлерінде бір ғана серіктесті таңдап алады. Қытайлықтарда мынадай сенім бар, егер Рисовая бумага көбелегі үйге ұшып кірсе, онда отбасы мүшелерінің қатары  жақын арада толығатын  болады. Мұндай көбелекті жас жігіт өзінің сүйікті қызына, сондай-ақ, ата-аналары  тойда жас жұбайларға сыйға тартады. 

Көгілдір Морфо – үндістердің қасиетті көбелегі. Олардың наным-сенімдері бойынша, адам өлгеннен кейін оның жаны осы көбелекке айналады екен. Көгілдір Морфо өзінің қанатының түрлі-түсті ғажайыптылығымен  сиқырлап тастайды. Ол жоғары биіктікте ұшады, оның 6 метрден төмен ұшуы сирек. Осынау ертегіге айналған сүйкімді көбелектердің мекен ететін жерінде тұрғындар оларды қант шырынына салынған банандармен еліктіріп шақырады. Мұндай тәттіден көбелектер мас болады, міне, сол кезде ғана өзіңнің арман-тілегіңді сыбырлап айту үшін оларды қолға алуға болады...

Атыраудағы көрме  23 желтоқсанға дейін жалғасады. Көрме коллекциясы  үнемі жаңа көбелектермен толықтырылып отырмақ.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

 

 

 

 

6 желтоқсан 2012, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.