Келе жатқан 2013 жылы, әйтеуір дегенде, Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігі түбінен мұнай мен газ өндіру басталады деп күтілуде. Мұнайшылар мен экологтар арасындағы сөз тартысты 20 жыл ішінде биогенді теңіз техногенді қасіретке айналды. Мұнайшылар өздерінің нағыз маман екендерін дәлелдеп, су түбінен мұнай өндіруге, өңдеуге және тасымалдауға қажеттінің бәрін салды. Ал теңіз табиғаты мен оның биоресурстарын қорғаушылар осы жиырма жылда су қоймасының биоөнімділігін қорғауға байланысты бірде-бір жоба ұсына алмады.
Теңіздің балық қорын, табиғи ресурстарын, флорасы мен фаунасын қорғауға қатыстылардың барлығының «біз тек қорғау мен бақылау жасауға құзіреттіміз» деген бір ғана уәждері бар. Алайда, мен қандайма бір экологтың, ихтиологтың, гидрологтың, гидрохимик пен биологтың, оринтолог сияқтылардың белгілі бір жобасы бойынша қоғамдық тыңдау ұйымдастырғанын естіген жоқпын. Табиғат қорғаушыларға өз жарғыларын өзгертетін уақыт келді деп ойлаймын. Бүгінгі күні қолданыстағы барлық табиғат қорғау қызметтерінің (балық қорғаудан прокуратураға дейін) қызметкерлері қандайма бір құқық бұзушылықтарға жол бермей, шығындарды болдырмағаны үшін емес, анықтаған бұзушылықтардың саны туралы жақсы есептері үшін жалақы алып, лауазымы көтерілетіні белгілі жайт.
Менің жасым қазір 77-де, азаматтық белсенділігім төмендеп келеді. Мен тек өзімнің өмірлік және кәсіби тәжірибеме арқа сүйеп, кейбір ойларыммен бөлісіп, өзімше маңызды деген бірнеше сұрақтар қоя аламын:
1. Көптеген шақырымдық мұнай құбырлары теңіз түбі топырағында 1,5 метр тереңдікте тартылған. Мұнай айдау қысымы 700 немесе 800 атмосфера болады. Мұнай құбыры жұмысының шуы қандай болмақ? Балықтың есту қабілеті адамға қарағанда алты есе артық екенін білеміз. Осыған байланысты шулаған құбыр дыбысынан үріккен балықтар қай жаққа бет алады және мұның миграция жолдарының өзгеруіне әсері қандай деген сұрақтарға ихтиологтар, гидрологтар, гидробиологтар ішінен кім бізге жауап бере алады?
2. Жайық өзені сағасы аумағында кеме қозғалысының қарқыны өсіп келеді. Саға ені бір мезгілде ау тарту мен кеме жүруге мүмкіндік бермейді. Сондықтан да Перетаска, Бухарка, Зарослая өзектерін, төменгі дамбалық өзектерді, Яйцкий тармағы және оның өзектерін (Дамба, Шыман) тазалауға, тереңдетуге, қосуға тура келеді. Астрахан техникалық университетін бітірген біздің мамандардың қайсысы осы өзектер мен салаларда балық аулауды жүргізу әдістерін жобалауды қолға алады екен?
3. Біз Жайық – Каспий арнасын қазу арқылы өзенді теңізге қостық. Жыл сайын «топан судан» бұрынғы төрт жер құралымен сағалық аймақтың құм жиындыларын тазалауға ғана үлгердік.
Қазір кеме жүретін Жайық өзені жаяу адам жүре алатындай тайызданып кеткенін барлығы мойындайды. Кезінде, өткен ғасырдың 70-жылдары балық қорын арттыру мақсатында өзен мен теңізде кеме жүргізуге тыйым салу туралы идеяның авторларының бірі болдым. Біз диссертациялық «Жайық өзені бекіре тұқымдастарының уылдырық шашатын орны атласын» жасадық (авторлардың «ұлттық одағына» назар аударыңыз: З.М. Киппер - еврей, Н.Е.Песериди - грек, А.Бекешев - атыраулық қазақ, В.Н.Едаменко, Н.Никонова – орыстар). Мосгидрорыбпроект бізге «Жайық өзенінің төменгі ағысын капиталды мелиорациялау жобасын» берді. Атырау облысы аумағында мердігерлік жұмыстарды Облсушардың балық бригадалары (Ш. Жалмұханов, Р. Муғаепов, С. Жүнісқалиев) орындады. Аянбай еңбек еттік. Өзен де ақты, бекірелердің көптігі сондай, жарылған қызыл балық өлекселерін прокурорлардың өздері мен милиция мектептерінің курсанттары көмді.
Табиғи ресурстарды қорғау департаменттерінің, жобалық ҒЗИ-дың, лабораториялардың қай маманы мен қызметкерінде Жайық өзенінің Индер мен Атырау арасы сағасын капиталды мелиорациялау жобасы бар немесе қайсысы әзірлеп жатыр? Жоқ па? Мүмкін, Атырау – Орал маршруты бойынша кеме жүргізу жобасы бар шығар? Қазіргі уақытта Жайық өзенінде бекіре тұқымдастардың жоқ екені, енді болмайтыны белгілі болғандықтан, мен бұған тіпті келісер едім. Иә, ақыры осылай боп тұр... .
4. Жуырда, мен «Ақ Жайық» арқылы облысымыздың бас экологы Е. Қуановтың Нарын жер суарғыш арнасы желісінде су қоймалары торабы құрылысы туралы айтқанын естідім. Мысалы, мен мұны қолдаймын. Өйткені 1971 жылы мен Ленгидроводхозда «Жайық-Құшым су қоймалары жүйесінің жер суғарғыш-айналма магистралы (ЖҚЖАМ) құрылысын биологиялық негіздеу» тақырыбында есепті қорғап, тапсырдым (А. Бекешов, Н.Е. Песериди, В.Я. Бережной, Б. Тілепов). Біле білсек, бұл жүйе қазір де жұмыс жасап тұр.
5. Бір кездері мен жергілікті өзектердің тасқын суларын пайдаланып, Жылыой аудандық су қоймасын жасау туралы идеяны жүзеге асырғым келген. Еділ суын құбыр арқылы валюталық құнмен сатып ала беретін мұнайшылардың байлығы шексіз болмас деп ойлаймын.
6. Біз бәріміз гидраттардың (Қыдыр ата) ұрпағымыз ғой, біз планетамыздың гидросферасынан жаратылдық. Өз ойымды жүзінші рет қайталайын: Каспий теңізінде биоэнергетикалық және отын энергетикалық ресурстар бар. БиоРесурстар қалпына келе алады. Отын Ресурстары жанғыш. Біз қалпына келтіруді қолдаймыз ғой? Әлде бәрі көк жалын боп жансын ба?!
Әбіш БЕКЕШЕВ,
Атырау қ.