Атырау, 1 желтоқсан 21:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Саудаға түскен «құйыршық»

2 816 просмотра

Ата-аналар үшін ұқыпсыз балаларының оқуы тым қымбатқа соғып тұр – енді емтиханда құлап қалған-дарға қайта тапсыру үшін қосымша ақша төлеулеріне тура келеді. Қалай болғанда да, Атырау мұнай және газ институтының сәтсіз тапсырылған қысқы сессиясы жазда қалтаға қиын соғатыны ақиқат.

 

ЖҮРЕГІМ СЕЗГЕН

Оқып жатқан оқу орындары балаларына емтиханды кері тапсыруға рұқсат бермей жатқанына алаңдаған ата-аналар редакцияға бірнеше рет телефон шалды:

- Баласы Астанада оқитын менің бір танысым көптен бері емтихандарды бұрынғыдай деканаттың рұқсатымен емес, тек ақша төлеу арқылы ғана кері тапсыратындарын айтқан: әр емтиханның бағасы - 36 мың теңге. Бізде, әзірге, тек рұқсат бермей тұр, мүмкін бұлар да сатқысы келіп отырған шығар. Біз коммерциялық оқуға жылына 350 мыңдай төлейміз, осы жетпей ме екен?

Институт ректорының міндетін атқарушы Дүйсембек ҚҰЛЖАНОВТЫҢ қолы қойылған АМжГИ жауабында ата-аналар болжамы расталды: «Оқушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау жасау, аралық және қорытынды аттестациялар жүргізудің типтік ережелеріне (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.03.08 күнгі бұйрығымен бекітілген) сәйкес, студент емтиханның «қанағаттандырарлықсыз» бағасын оң бағаға кері тапсыруды келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде орындай алады. Академиялық қарыздарды жою ақылы негізде жүзеге асырылады.

Студенттің ата-анасы сипаттап отырған бұл жағдайда, академиялық қарыздарды жою үшін студент жазғы семестр басталмастан бұрын тіркеуші кеңсесіне сәйкесінше өтініш жазады».

Мен сілтеме берілген Типтік үлгіні таптым. Дәйек келтірейін: «57 тармақ. Көшіру балдарының төменгі деңгейін жинаған және келесі курсқа көшірілген студенттің академиялық қарыздары болса, ол сол сәйкесінше пәнді ақылы түрде қайта оқиды және академиялық қарызын жояды».

- Бұл жердегі назар аударатын ерекшелік - ақы төлеу емтиханды кері тапсыруға емес, курсты нақты кері оқығаны үшін жүзеге асырылады, өйткені құлап қалған емтихан студенттің бұл пәнді игермегенінің тікелей куәсі ғой - дейді АМжГИ-дің академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Қасиет ҚАРАТАЕВА өз сөзінде.

- Әңгіме қандай сома туралы болып тұр?

- Біз оқу курсының жалпы жылдық ақысын жылдағы кредиттер санына бөліп, орташа құнын шығардық – осылайша, бір кредиттің бағасы 8400 теңгені құрайды, - дейді Қасиет Хамзақызы. – Алайда бұл құжат әлі оқу кеңесінің талқылауынан өтіп, бекітілген жоқ.

Кредит – оқушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің сәйкестендірілген өлшем бірлігі (БҒМ бұйрығымен бекітілген «Оқу үдерісін кредиттік технология бойынша ұйымдастыру ережелерінен» алынған). Бір пән бойынша оқу курсы бір және одан да көп кредиттен тұруы мүмкін.

Жоғары оқу орны қызметкерлері заманауи жоғары білім беру ерекшеліктерін білмейтін студент ата-аналарына ҚР БҒМ сайтынан оқуға болатын жоғарыда келтірілген «Оқу үдерісін кредиттік технология бойынша ұйымдастыру ережелерімен» танысуға кеңес беріп отыр. Соның ішінен барлық сұрақтарға жауап табуға болады дейді.

 

ТАҒЫ БІР КОММЕРЦИЯЛЫҚ ӨНІМ

Алайда мен түсінбеген бір емес, бірнеше сұрақ жауапсыз қалды.

Барлық оқу орындары білім беру қызметтерін көрсетеді (көбіне ақылы). Академиялық қарызды жою – стандартты оқу шарасы. «Емтиханды кері тапсыру» сияқты оқу үдерісінің бұрыннан келе жатқан бір бөлігі қандай тұжырымға сүйеніп, жеке коммерциялық өнім болып отырғаны мен үшін түсініксіз жайт. Осы сессиядан бұрын жасалған келісімшарттарда көрсетілмеген осы қосымша ақша салымдары туралы тармақ енді қалай заңмен негізделетіні де маған түсініксіз. Түрлі білім беру қызметтеріне ақы төлеу тәртібі келісімшартта толық және нақты жазылуы керектігі жалпыға белгілі ғой.

Шындығына келгенде, осы таңғаларлық білім беру ережесі енгізілгеннен кейін кез келген оқу орны үшін «көшпей қалатындар» санын арттыру коммерциялық пайда көзі болғалы отыр. Осындайда жемқорлық әрекеттер туралы да еріксіз ойланасың. Өйткені, енді кез келген студентке, мейлі ол ғұлама болсын, сабаққа кері қатысып, екі есе ақша төлегеннен пара берген тиімді емес пе? Оқытушының «әдейі» құлатып тастағанын дәлелдеу іс жүзінде мүмкін емес қой.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

31 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.