Атырау, 21 желтоқсан 08:24
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Портал өзгертілмейді

- 2014 жылдың қарашасында мен ХҚКО-ға балабақшадан орын алуға өтініш бердім. Біз тұратын Алмагүл 1 ықшамауданында ашылған балабақша деректер базасында жоқ екеніне сілтеме жасаған маман өтініште басқа балабақшаны көрсетуді сұрады. Кейіннен өтінішімді кері жазып, керек балабақшаның атын жазуға болатынын айтты. 29 қазан 2015, 00:00 2 654 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Балабақша мәселесі

– Балам №18 балабақшаға барады. Оның тобында, тізімге сәйкес, 75 адам тұр. Менің пікірімше, бұған мүлдем жол беруге болмайды. Оның үстіне, әртүрлі жастағы балалардан тұратын топтар бар. Қалалық білім беру бөлімінің қайда қарап отырғанын және бұл берекетсіздіктің қашан аяқталатынын білгім келеді. 1 қазан 2015, 00:00 3 630 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Жаңа орында - жаңа кезек

– Ұлым дүниеге келген бойда Қазақстанның басқа қаласынан балабақшаға орын алуға кезекке тұрдым. Өйткені, бұрын сол жақта тұрғанбыз. Бір жыл бұрын отбасымызбен Атырауға көшіп келдік. Мен басқа қаладағы балабақшадан орын алу кезегімді ауыстыра аламын ба? Қазанда ұлым үш жасқа толады. Басқа қалада кезекте 13-ші болып тұрған едік. 13 тамыз 2015, 00:00 2 028 рет қаралды
​Ешқандай жеке өмір жоқ Сұрақ-жауап

​Ешқандай жеке өмір жоқ

– Жұмысқа орналасқан кезде, банк мекемелерінде, соның ішінде қауіпсіздік қызметінде бізден туыстарымыз туралы толықтай сауалнама мәліметтерін сұрайды - бұл ҚР Конституциясының 18-бабын бұзбай ма? Осы бапқа сәйкес, әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар емес пе? 28 мамыр 2015, 00:00 3 760 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Тәрбиешінің тәрбиесі

– Егер балабақша тәрбиешісі 3 жасар ұлымды ұрған болса, қайда шағымдану керек? Балам тәрбиеші соғады деп үнемі айтатын, бірақ біз оны елемейтін едік. Ал, кеше тәрбиеленушінің теледидардан жайбарақат мультфильм көріп отырған баланың басынан соғып жібергенін әкесінің өзі көрген. 21 мамыр 2015, 00:00 2 442 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ойын-сауыққа - жиырма минут

– Бірнеше жыл бұрын балабақшалардағы орта топқа арналған ертеңгіліктерде шағын театрлық қойылымдар қою үйреншікті іс болатын. Ал, қазір оларды тек жоғарғы топтарға ғана қоюға рұқсат беріп отыр. Тәрбиешілердің айтуларынша, кіші және орта топ балаларына арналған ертеңгіліктердің уақыты көп қысқартылған, өйткені, әдіскерлер ертеңгіліктің қанша уақытқа созылатынын өлшейді екен. Әдіскерлер білім министрлігінің белгілі бір стандарттарына сілтейді. Іс жүзінде мұндай стандарттар бар ма? 26 наурыз 2015, 00:00 3 132 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қауіпті көршілестік

– Жұмыскерде балабақшаны жолдың қақ ортасына салып қойған, көбінесе балалар қақпадан шыға салып, көлік жолына жүгіреді. Ал жақын маңда жол кедергілері жоқ. Балабақшадағы ойын алаңы да тар. Жалпы Жұмыскер-1 поселкесінде жол жоқ. Балалар мектепке балшық кешіп баруға мәжбүр. 5 наурыз 2015, 00:00 2 330 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Келе де, кете де алмайды

– Қарқынды салынып жатқан Нұрсая мен Жерұйық ықшам-аудандарында тұрғын үй массивтерінен бөлек жеке балабақшалар мен ірі оқу орындары: APEC Petrotechnic пен Назарбаев зияткерлік мектебі орналасқан. Оқушылар таңертеңгілік сабаққа әрең жетеді, ал 19.30-дан кейін үйлеріне кете алмайды. Өйткені, мұндай уақытта №30а және №4 маршруттар бойынша автобустар жүрмейді. Күндізгі уақытта автобустар арасындағы ара қашықтық бір сағат және одан көп уақытты құрайды. Оның үстіне маршрутқа тиесілі мөлшерден екі есе көп адамдар мінетін шағын автобустар мен «Газельдер» қызмет көрсетеді.  Нұрсая ықшамауданындағы қоғамдық көлікке қатысты проблема қашан шешіледі? 20 қараша 2014, 00:00 2 036 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Тәлім ақша жинаудан басталады

– Балам Авангардтағы №19 мемлекеттік «Шұғыла» балабақшасына барады. Жақын арада бізге балаларды оқытуға арналған кітаптарға 6 мың теңгеден жинайтындығын айтты. Тәрбиешілер кітап болмаса, балаларға ештеңе үйрете алмайтындығын ескертті. Неліктен біз кітапқа ақша жинауға тиістіміз? Бізге қуыршақ театрына үнемі ақша жинаудың өзі жетіп жатыр. 4 қыркүйек 2014, 00:00 1 901 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Баланы сенімхатпен аласыз

– АДГ №1 әкімшілігі балабақшадан немеремді алуға құқылы болу үшін қызымнан нотариалды расталған сенімхатты ұсынуды талап етіп отыр. Сенімхат 2 500 теңге тұрады, бұл біздің отбасымыз үшін тиімсіз. Мектепке дейінгі мекеме басшылығының әрекеті қаншалықты заңды? Өйткені балабақша директоры да, тәрбиешілер де менің бөтен адам емес екенімді біледі ғой. 24 шілде 2014, 00:00 2 364 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мектепте ақша жинауға болмайды

- Мектептерде жыл сайын оқу жылы аяғында жөндеу жұмыстарына деп оқушылардан ақша жинай бастайды. Осы қаншалықты заңды? Егер заңға қайшы болса, неге бұл үрдіс тоқтамайды? Жалпы, мектептерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаражат бөліне ме? 29 мамыр 2014, 00:00 10 876 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ауыстыру қиындығы

– Немере қызым №12 балабақшаға барады. Мектепке дейінгі бұл мекемеде дайындық тобы жоқ және мектепке дайындалу үшін балалар балабақшадан кетіп, нөл сыныбында оқуды бастауы тиіс. Бірақ менің немеремнің денсаулығында кінәрат бар. Өткен жылы жүрегіне ота жасатқан еді. Оған әзірге мектеп режимі лайық емес. Осы негізде оны мектепке дайындайтын басқа балабақшаға ауыстыруға құқылымыз ба? 20 наурыз 2014, 00:00 2 323 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қатаң режимдегі балабақша

– Мектепке дейінгі мекемемен жасалған келісімшарт бойынша біз баланы балабақшадан сағат 18.00-ге дейін алуға тиіспіз. Бірақ менің жұмыс уақытым сағат 18.00-де аяқталатын болғандықтан, үнемі тәрбиешілерден сөз естимін де жүремін. Келесіде кешіксем, олар баланы күзетшімен бірге далаға қалдырып кететінін айтады. Жолдағы кептелістерді ескерсек, мен 25-30 минут кешігіп барамын. Неліктен қалалық білім бөлімі жұмыс уақытының сол мезгілде аяқталатынын ескермейді? 20 наурыз 2014, 00:00 2 060 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Айрықша режимдегі балабақша

- Менің балам демікпе ауруымен ауырады. Жақында біз басқа қаладан жарты жылдық емдеу курсынан өтуіміз керек. Біз барып жүрген балабақшаның директоры баланың ұзақ мерзім бойы бақшаға келмеуі оны автоматты түрде орнынан айырады дейді. Бұл дұрыс па? 20 ақпан 2014, 00:00 1 726 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ортақ тәртіпке бағыну

- Қаладағы балабақшаларға таңертеңгі уақытта балаларды қабылдауды сағат 9.00-ге дейін ұзартуға болмай ма? Ең болмаса, қысқы уақытта, себебі таңертеңгі уақыт қараңғы және көлікпен жету қиындық туғызып жатады. 16 қаңтар 2014, 00:00 2 125 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мердігерлер уәдесінде тұрмады

– Алмагүл ықшамауданындағы үйлердің цокольді қабаттарын балаларға арналған шағын орталықтар етіп қайта жарақтау жоспарланған еді.  Бірақ қазір терезелері қирап, жылу тұрбаларының қатып қалу қаупі төніп тұр. Бұдан басқа, алақол тұрғындар ол жерге қоқыстар тастайды, ал бомждар от жағады. Біздің ықшамаудандағы цокольді қабаттардың тағдыры қашан шешіледі? Цокольдерді балалардың шағын орталықтарына қайта жарақтаумен айналысқан мердігерлерге не болды? 24 қазан 2013, 00:00 1 994 рет қаралды
Балабақша жасына сай емес Сұрақ-жауап

Балабақша жасына сай емес

- Мен балабақша кезегінде 2011 жылдан бері тұрмын. Қызым 1 жас 9 айда. 2012 жылдың 16 ақпанындағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 52-бабының 3-тармағына сәйкес, әскери қызметшілердің, оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза тапқандардың, қайтыс болғандардың немесе хабар-ошарсыз кеткендердің балаларына жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі балалар мекемелерінде кезектен тыс орындар береді. 11 шілде 2013, 00:00 6 827 рет қаралды
Сұрақ-жауап

ТШО тартуы

– Балаларымыз ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияда оқиды. Біз өзіміз Нұрсаяда тұрамыз. 2012 жылдың ақпанында ТШО-ның әлеуметтік бағдарламасы аясында Нұрсаяда гимназияға арналған жаңа ғимарат салынатыны белгілі болды. Алайда мектеп салу үшін таңдалған жер телімінде жерасты сулары жоғары деңгейде болып шықты деседі. Гимназия құрылысына қатысты жағдай қазір қалай? Біздің ауданда қандай мектеп және мектепке дейінгі мекемелер салынатын болады? 16 мамыр 2013, 00:00 3 016 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мүгедектік -диагноз бойынша

- Ұлым «құлақ жарғағының туа біткен ауытқуы» (құлағы жоқ) деген диагнозбен дүниеге келді, екінші құлағы нашар естиді. Балам 4 жаста, ол әлі күнге дейін сөйлей алмайды. Оған қоса ихтиоз сырқаты бар. Оған мүгедектік және соған қатысты жәрдемақы тиесілі ме? 2 мамыр 2013, 00:00 2 475 рет қаралды
Кішіге орын бер Сұрақ-жауап

Кішіге орын бер

– Жақында балабақша әкімшілігі біздің балаларымыз балабақшаға тек 31 мамырға дейін бара алатынын, ал содан кейін олар түлектер болғандықтан оларды балабақшаға апаруға құқығымыз жоқ екендігін ескертті. Алайда алдымыз жаз, алты жасар баланы күні бойына үйде жалғыз қалдыруға қорқамыз. Балабақша әкімшілігінің талаптары заңды ма? 2 мамыр 2013, 00:00 2 454 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мектепте оқуға ата-анасының қолхаты керек

«Менің 7 жасар қызым 1-типті (инсулинге тәуелді) қант диабетіне шалдыққан. Ол - І топ мүгедегі. Мемлекеттен айына барлығын қосқанда 38 мың теңге көмек аламыз. Мәселе мынада болып отыр: қандағы қант деңгейін әрбір екі сағат сайын, яғни күніне 8 рет өлшеп, 5 рет дәрі егу керектігі ұсынылған. Яғни, біз айына тест-жолақтың 2,5 орамасын (бір орамада 100 дана бар) және шприц-қалам үшін 150 ине (бір орамада 100 ине болады, бір қораптың құны – 3000 теңге) пайдаланамыз. 21 наурыз 2013, 00:00 16 595 рет қаралды
Барлығы бақшаға! Сұрақ-жауап

Барлығы бақшаға!

- Бірнеше жылдан бері мемлекеттік балабақшадан орын ала алмай келеміз, сондықтан да баламызды жекеменшік бақшаға апарып жүрміз. Балаларын жекеменшік бақшаға беріп жүрген ата-аналарға «Балапан» бағдарламасы бойынша өтемақы төленеді деп БАҚ беттерінен бірнеше рет оқыдым. Облыс әкімі соңғы бір сөзінде осы мәселені қозғап, өтемақылар 2013 жылдан бастап төленеді деп мәлімдеген болатын. Құжаттарды қайда тапсыру керек (ХҚО-ға ма әлде қалалық білім беру бөліміне ме)? Қандай құжаттар дайындау керек? Ақша қалай аударылады – арыз берушінің атына ма әлде балабақша шотына ма? Төлемақы төлеу мерзімі қандай? 19 желтоқсан 2012, 16:40 4 224 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жасына қарай - орыны

- №6 балабақшада жөндеу жұмыстарына 600 теңге жинап жатыр, ал жөндеу жұмыстарынан кейін балаларымызды басқа топқа ауыстырады. 2011 жылдың жазында топтың қорына 5000 теңгеден ақша жинап, осы ақшаға сплит жүйесін, телевизор, DVD, шаңсорғыш, ойыншықтар, стендтер және т.б. сатып алып, балалар бөлмесін жарақтап қойған едік. Енді біздің балаларымызды басқа орын-жайға ауыстырған кезде, стендтер мен сплит-жүйелерді қалдыруға тура келеді.  Ешкімнің де бұл шығындарды өтемейтіні түсінікті, өйткені ақшаны өз еркімізбен жинаған едік. Бізді басқа топқа қандай негізде ауыстырып жатқанын білгіміз келеді? 25 сәуір 2012, 19:26 2 000 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Балабақшаға баруға асығамыз

– Сәбиім 2 жаста, мемлекеттік балабақшаға кезегіміз әлі  келген жоқ. Оны жеке балабақшаға бергім келіп отыр. Балалары жеке балабақшаға баратын ата-аналардың шығындарын мемлекет өтейді деп естідім. Осы бағдарлама бойынша бір сәбиге арналған айлық шығын 18 000 теңге құрайды екен. Қаржыландыру қандай сызбамен жүзеге асырылатынын толық білгім келеді. 28 наурыз 2012, 19:27 2 571 рет қаралды
Кезекке тұрыңдар, бөбектер Сұрақ-жауап

Кезекке тұрыңдар, бөбектер

- Менің қызым қазір 2 жаста. Біз қалалық білім бөліміне балабақшаға орналасу үшін кезекке тіркелгеніміз жоқ. Ал жекеменшік балабақшаға бару қымбатқа соғады.  Осыған орай, көкейде жүрген көп сұрақтарға жауап алғым келеді: бүгінгі күні балабақша кезегіне тіркелген балалардың саны қанша екен? Қалалық білім бөліміне қарасты балабақшалар саны қанша? 14 наурыз 2012, 17:59 3 076 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ақша бөлсе, әткеншек жасау қиын емес

– Біздің Тайманов көшесі, 58 үйдің ауласына балалар алаңын  - ойын төбешіктері мен орындықтарды және құм алаңын орнатты. Басқа аулаларда әткеншектер мен турниктер  бар. Балалар алаңын жасақтау жиынтықтары неліктен түрліше? Әлде мердігерлері әр түрлі ме? 7 желтоқсан 2011, 21:03 2 713 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Балабақшадағы орынымды ауыстырамын!

– Мен өзім Алмагүл мөлтек ауданында тұрамын,  бізге  жақын маңда балабақша болмағандықтан  баламды  балабақшаға Жилгородокқа тасуға тура келеді. Алмагүл мөлтек ауданында балабақша қашан ашылады?  Мен баламды жақын маңдағы  балабақшаға ауыстыра алам  ба? 26 қазан 2011, 19:28 3 486 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Маршрут бұрынғы бағытқа көшті

– №3 автобус маршрутын неге өзгерткен? Қазір автобус  Атырау мөлтек ауданына Молдағұлова көшесі бойымен «Арарат» кафесі маңымен өтіп, Жайық бағытына қарай барады. №31 мектеп пен салынып жатқан балабақша маңымен өтетін бұрынғы маршрутты қайтадан беруге бола ма? 12 қазан 2011, 18:46 1 914 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Даярлық тобын ашуға мүмкіндік жоқ

– Сәбиім барып жүрген №22 балабақшада (Жилгородоктағы жаңа балабақша) мектепалды даярлық тобы жоқ. Ол жерде балалар 5 жасқа дейін тәрбиеленеді. Содан кейін ата-аналары балаларын басқа балабақшаға ауыстыруға мәжбүр. Осы балабақшадан мектепалды даярлық тобын ұйымдастыру соншалықты қиын болғаны ма? 29 қыркүйек 2011, 20:03 2 772 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жолдама – жазда, орын – күзде

– Маусым айының басында қалалық білім беру бөлімінен №1 АДГ балабақшасына жолдама алып, оны бірден мектепке дейінгі мекемеге тапсырдық. Бізге балаларымыз шілде айында тапсырылатын жаңа жалғамаға барады деп ескерткен болатын.  Содан кейін ол мерзім 1 қыркүйекке жылжыған еді. Енді бұл мерзім де өтті. Жалғаманы қашан тапсырады? 29 қыркүйек 2011, 20:08 2 145 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ақша жинауға тыйым салынған

-  Қаладағы балабақшалардың бірінде тәрбиешілер жағдайы бар 8 ата-анаға балалар ойнайтын залды жөндеуге қосымша ақша жинаңдар деп отыр. Балабақшаға төленетін төлемақыдан бөлек, балабақшаның ішін жөндеу жұмысына ата-аналардың қалтасынан қосымша ақша жинау заңды ма? 28 шілде 2011, 22:25 3 172 рет қаралды
Уақытша қолайсыздық па? Сұрақ-жауап

Уақытша қолайсыздық па?

– Екі немерем бір уақытта балабақшаға барды. Бірақ балабақшалардың біріндегілер (№10, «Құ-лыншақ» балбақшасы) жиналмалы кереует, төсек жайма, ыдыс-аяқ, кір жуатын ұнтақ, ойыншықтар және т.б. әкелуді сұрады. «Өйткені сіз 51-шісіз, ал топ 50 балаға есептелген» дейді. Бірақ мен орынды тамыр-таныстықпен емес, ресми түрде алдым ғой. Егер балабақша балаларды қабылдауға дайын болмаса, онда не үшін қабылдайды? Мен де басқалар секілді 8000 теңгеден төлеп тұрамын ғой. Тағы бір сұрағым бар. Осы жалғама құрылыс қыста нұротандық қызметкерлер мен басқа да жоғары шенді меймандардың қатысуымен ашылған еді. Ал іс жүзінде балабақша әлі жұмыс жасамай тұр. 14 шілде 2011, 22:28 3 299 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Құпия анализдің анық-қанығы

– Биылғы жылы біз балабақшаға жолдама алдық, қазір №2 қалалық емхананың Тұрғын үй  қалашығындағы филиалынан  дәрігерлік тексеруден өтудеміз. Әдеттегі тапсырылатын анализдерден басқа бізге «Сұңқар» зертханасына көк тамырдан әлдебір анализ үшін қан тапсыруды  сұрады. Ол қандай анализ, оны не үшін тапсырамыз деген біздің сауалдарымызға емханада түсінік бермеді. Бұған қатысты балалардың тамырынан сырқат балалар үшін керекті қанды алады екен деген алып-қашпа әңгіме бар. Оның қандай анализ екендігін білсек деп едік? 30 маусым 2011, 19:11 2 599 рет қаралды