Атырау, 27 желтоқсан 18:07
 ашықВ Атырау -4
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Уақытша қолайсыздық па?

3 120 просмотра

– Екі немерем бір уақытта балабақшаға барды. Бірақ балабақшалардың біріндегілер (№10, «Құ-лыншақ» балбақшасы) жиналмалы кереует, төсек жайма, ыдыс-аяқ, кір жуатын ұнтақ, ойыншықтар және т.б. әкелуді сұрады. «Өйткені сіз 51-шісіз, ал топ 50 балаға есептелген» дейді. Бірақ мен орынды тамыр-таныстықпен емес, ресми түрде алдым ғой. Егер балабақша балаларды қабылдауға дайын болмаса, онда не үшін қабылдайды? Мен де басқалар секілді 8000 теңгеден төлеп тұрамын ғой. Тағы бір сұрағым бар. Осы жалғама құрылыс қыста нұротандық қызметкерлер мен басқа да жоғары шенді меймандардың қатысуымен ашылған еді. Ал іс жүзінде балабақша әлі жұмыс жасамай тұр.

Әжей

Қалалық білім беру бөлімінің жалпы білім беру секторының меңгерушісі Гүлмира ҚОЖАҒҰЛОВА жауап береді:

– №10 балабақшаға 120 орындық жалғама құрылысы биылғы жылдың шілдесінде аяқталатын болады. Балабақшадағы орындар жалғама есебімен бөлінген еді. Сондықтан қазіргі кезде топтардағы балалар саны шамадан көп. Бірақ бұл нысан пайдалануға берілгенше болатын уақытша қолайсыздықтар.

Әжейдің сұрағына анағұрлым мазмұндырақ жауап ала алмадық. Қалалық білім беру бөлімінің бастығын ұстау қиын, ал қызметкерлердің көпшілігі еңбек демалысына кетіпті.

14 шілде 2011, 22:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.