– Балам №18 балабақшаға барады. Оның тобында, тізімге сәйкес, 75 адам тұр. Менің пікірімше, бұған мүлдем жол беруге болмайды. Оның үстіне, әртүрлі жастағы балалардан тұратын топтар бар. Қалалық білім беру бөлімінің қайда қарап отырғанын және бұл берекетсіздіктің қашан аяқталатынын білгім келеді.
Телефон арқылы
Сұраққа қалалық білім беру бөлімі бастығының міндетін атқарушы Алмабек АБДОЛОВ жауап берді:
– Балабақша орнына кезекке тұру үшін жүгінгендер арасында көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, әскери қызметкерлер, түрлі санаттағы мүгедектер мен қоныс аударушылар саны едәуір көбейді. Бұл санаттар жеңілдік негізінде орын алады. Сондықтан кейбір топтарда 40-50 баладан келеді. Мұндай жағдай қаладағы балабақшалар аз үлкен ықшамаудандар мен аудандарда байқалады. Привокзальный, Авангард, Балықшы, Алмагүл, Жұмыскер және Нұрсая аудандарының тұрғындары көп деп есептеледі. Кезектілікті азайту үшін балабақшалар ғимаратын қайтару жұмыстары, қайта жарақтау және жаңа ғимараттар салу жұмыстары жүргізілуде.
Таяу уақытта СМП-136-дағы №27 балабақшаны және Бірлік поселкесінен 160 және 280 орындық екі балабақшаны ашу жоспарлануда. Атырауда барлығы мемлекеттік 39 балабақша бар, оның екеуі шипажай түріндегі және біреуі логопедиялық балабақша. Ол жерде 14 897 бала тәрбиеленуде.
№18 балабақшаға келер болсақ, қазір бұл балабақшаның жүгі «жеңілдеуде». Күрделі жөндеу кезінде №24 балабақшадағы балалар №18 балабақшаға барып жүрді. Біз тексеріп шықтық, алайда 75 баласы бар топты таба алмадық. Топтағы ең көп бала саны – 45 болды. Сондай-ақ, бақшада түрлі жастағы балалардың аралас тобы бар екендігі туралы мәлімдеме шындыққа сай келмейді.