Атырау, 27 желтоқсан 16:43
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Баланы сенімхатпен аласыз

2 204 просмотра

– АДГ №1 әкімшілігі балабақшадан немеремді алуға құқылы болу үшін қызымнан нотариалды расталған сенімхатты ұсынуды талап етіп отыр. Сенімхат 2 500 теңге тұрады, бұл біздің отбасымыз үшін тиімсіз. Мектепке дейінгі мекеме басшылығының әрекеті қаншалықты заңды? Өйткені балабақша директоры да, тәрбиешілер де менің бөтен адам емес екенімді біледі ғой.

Телефон арқылы

Сұраққа қалалық білім бөлімінің басшысы Нұрсәуле САЙЛАУОВА жауап берді:

– Үкіметтің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейiнгiұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына» және №1 мектепке дейінгі авторлық гимназияның жарғысына, сонымен қатар ата-аналармен жасалған келісімшартқа сәйкес, балаларды балабақшадан ата-аналарынан басқа тұлғаларға тек нотариалды расталған қолхат көрсету арқылы ғана алуға болады.

№1 АДГ әкімшілігінің әрекеті заңды, өйткені әңгіме ең алдымен балалардың қауіпсіздігі туралы болып отыр.

24 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.