– Қарқынды салынып жатқан Нұрсая мен Жерұйық ықшам-аудандарында тұрғын үй массивтерінен бөлек жеке балабақшалар мен ірі оқу орындары: APEC Petrotechnic пен Назарбаев зияткерлік мектебі орналасқан. Оқушылар таңертеңгілік сабаққа әрең жетеді, ал 19.30-дан кейін үйлеріне кете алмайды. Өйткені, мұндай уақытта №30а және №4 маршруттар бойынша автобустар жүрмейді. Күндізгі уақытта автобустар арасындағы ара қашықтық бір сағат және одан көп уақытты құрайды. Оның үстіне маршрутқа тиесілі мөлшерден екі есе көп адамдар мінетін шағын автобустар мен «Газельдер» қызмет көрсетеді. Нұрсая ықшамауданындағы қоғамдық көлікке қатысты проблема қашан шешіледі?
Телефон арқылы
Сұраққа Атырау қаласы әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ комментарий берді:
– Бүгінгі күні Нұрсая ықшамауданында 2 қалалық: №4 және 30а маршрут қызмет көрсетеді. Бұл маршруттарда «Газель» маркасындағы 10 микроавтобус пен «Dong Feng» маркалы сыйымды жаңа 10 автобус жұмылдырылған. Оған қоса «АйсТранс Холдинг» ЖШС басшылығы қазіргі уақытта осы маршруттағы жылжымалы құрамды көбейту туралы мәселені қарастыруда.