– Ұлым дүниеге келген бойда Қазақстанның басқа қаласынан балабақшаға орын алуға кезекке тұрдым. Өйткені, бұрын сол жақта тұрғанбыз. Бір жыл бұрын отбасымызбен Атырауға көшіп келдік. Мен басқа қаладағы балабақшадан орын алу кезегімді ауыстыра аламын ба? Қазанда ұлым үш жасқа толады. Басқа қалада кезекте 13-ші болып тұрған едік.
azh.kz сайтынан
Сұраққа қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алмабек АБДОЛОВ жауап берді:
– Басқа қаладан Атырауға көшіп келгендерге балабақшадан орын алуға жаңа кезекке тұру үшін барлық қажетті құжаттармен халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген жөн. Орын ұсыну туралы мәселе кезекті мектепке дейінгі мекеме ашылған кезде қарастырылатын болады.