Атырау, 16 маусым 23:54
 ашықВ Атырау +26
$ 511.92
€ 588.91
₽ 6.44

Тәлім ақша жинаудан басталады

1 814 рет қаралды

– Балам Авангардтағы №19 мемлекеттік «Шұғыла» балабақшасына барады. Жақын арада бізге балаларды оқытуға арналған кітаптарға 6 мың теңгеден жинайтындығын айтты. Тәрбиешілер кітап болмаса, балаларға ештеңе үйрете алмайтындығын ескертті. Неліктен біз кітапқа ақша жинауға тиістіміз? Бізге қуыршақ театрына үнемі ақша жинаудың өзі жетіп жатыр.

Телефон арқылы

 

Сұраққа №19 «Шұғыла» балабақшасының меңгерушісі Сара МЕРЕКЕСОВА жауап берді: – Кітапқа ақша жинау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Көптеген балабақшаларда ата-аналардың өздері балалар үшін әліппе-дәптерлерді сатып алады. Әңгіме азғана сома туралы болып отыр. Ал, кітаптарға 6 000 теңгеден жинайды, кітапсыз балаға үйретпейді деген сөз - қате. Ата-ананың өзі маған келсін, анық-қанығын білейін. Қуыршақ театрына келер болсақ, бұл тоқсан сайын бір рет қалалық білім беру бөлімінің рұқсатымен ұйымдастырылады.

4 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.