Атырау, 22 желтоқсан 10:56
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда

Теңіздегі мұнай төгіндісіне қатысты іс тергеліп жатыр Мұнай және газ

Теңіздегі мұнай төгіндісіне қатысты іс тергеліп жатыр

Теңіз кен орнында 50 текше метр мұнайдың (бір вагон) төгілуіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Атырау облысы бойынша полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 332-бабы 1-бөлігі («Жерді бүлдіру») бойынша қылмыстық іс қозғалып, Жылыой аудандық полиция бөлімінің қарауында жатқанын хабарлады. 24 қаңтар 2024, 11:39 886 рет қаралды
Макс Боқай: «Олар мені жіпсіз байлауға тырысып отыр» Атырауда

Макс Боқай: «Олар мені жіпсіз байлауға тырысып отыр»

Танымал атыраулық белсенді Макс БОҚАЙ ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 669-бабын («Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау») және 480-бабын («Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнамасын бұзу») бұзды деген айыппен сотқа тартылды. Оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынып, ескерту туралы қаулы шығарылды. 17 қаңтар 2024, 11:43 1 539 рет қаралды
Махамбет аудандық сотының судьясы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді Атырауда

Махамбет аудандық сотының судьясы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

2024 жылғы 10 қаңтарда Атырау облысы, Махамбет аудандық сотының судьясына қатысты алаяқтық іс-әрекеттері (ҚК 190-бабы 3-бөлігі 2-т.) фактісі бойынша материал Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (СДТБТ) тіркелді, деп хабарлады Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі. 16 қаңтар 2024, 22:01 1 395 рет қаралды
Мақат аудандық сотының судьясы таныстырылды Атырауда

Мақат аудандық сотының судьясы таныстырылды

2024 жылдың 11 қаңтарында Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Анаргүл Салихова және Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің басшысы Гүлжан Жұмағалиева Атырау облысы Мақат аудандық сотында жұмыс сапарымен болып, ұжымға және аудан активіне жаңа судьяны таныстырды, деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі. Сурет 12 қаңтар 2024, 12:46 1 757 рет қаралды
Бизнес медиация арқылы салық органдарымен «татуласты» Атырауда

Бизнес медиация арқылы салық органдарымен «татуласты»

2024 жылдың алғашқы үш жұмыс күнінде Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында тараптардың татуласуымен үш әкімшілік іс аяқталды. Оның ішінде бір іс ҚСМ-нің әрекетіне дау айту, екі іс салық дауларына қатысты, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі. 11 қаңтар 2024, 14:52 955 рет қаралды
​Атырауда кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалағандар ұсталды Оқиға

​Атырауда кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалағандар ұсталды

Атырау облысы полиция департменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаметімен бірлесе отырып, облыс прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Мақат ауданында кәсіпкерден 2,5 млн. теңге қаражатты қорқытып алу дерегі анықталды. 10 қаңтар 2024, 09:33 816 рет қаралды
Мәулен ӘШІМБАЕВ Атырау облысының депутаттарымен және жастармен кездесті Атырауда

Мәулен ӘШІМБАЕВ Атырау облысының депутаттарымен және жастармен кездесті

Палата төрағасы Мәулен Әшімбаев сенаторлардың өңірлерге сапары аясында Атырау облысында болып, мәслихат депутаттарымен, жұртшылықпен, ақсақалдармен және жастармен кездесті. Кездесулердің мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру, сенаттың өңірлерді дамытуға жүйелі қолдау көрсету және палатаның мәслихаттармен өзара іс-қимылы мәселелеріне арналды. 5 қаңтар 2024, 13:08 1 230 рет қаралды
Атырау облысында 28 мектеп салу жоспарланды Атырауда

Атырау облысында 28 мектеп салу жоспарланды

Алдағы жылдары Атырау облысында 28 мектеп салу жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген ҚҰСАЙЫНОВ мәлім етті. Бұл мақсаттарды қаржыландырудың жалпы көлемі 92 млрд теңгені құрайды. 2 қаңтар 2024, 15:05 951 рет қаралды
«Ақ Жайықтың» жаңа жылдық номинациялары Атырауда

«Ақ Жайықтың» жаңа жылдық номинациялары

«AЖ» әдеттегіше өз оқырмандары үшін тағы да номинациялар дайындады. Біз сіздер үшін 2023 жылды жарқын әрі есте қаларлық еткен ең көрнекті адамдар мен ең көп талқыланған оқиғаларды топтастырдық. Сурет 30 желтоқсан 2023, 13:25 1 426 рет қаралды
АМӨЗ-дің бұрынғы басшысы Шухрат Данбай кінәлі деп танылды Атырауда

АМӨЗ-дің бұрынғы басшысы Шухрат Данбай кінәлі деп танылды

Бүгін, 26 желтоқсанда Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Атырау мұнай өңдеу зауытының («AМӨЗ» ЖШС) бұрынғы бас директоры Шухрат Данбай мен сатып алу департаментінің директоры Қанат Сейдуалиевке қатысты шешім шығарды. 26 желтоқсан 2023, 23:43 1 501 рет қаралды
​Атырауда жұмысқа орналастырамын деп уәде берген алаяқ ұсталды Атырауда

​Атырауда жұмысқа орналастырамын деп уәде берген алаяқ ұсталды

Атырау қаласының полиция басқармасы №2 қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция және тергеу бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 1995 ж.т. облыс тұрғынын анықтады. 22 желтоқсан 2023, 13:32 1 126 рет қаралды
Атырау тұрғындары қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды Атырауда

Атырау тұрғындары қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды

Атырауда «QazHome» тұтыну кооперативінің атын жамылып қаржы пирамидасын ұйымдастырған қала тұрғындары нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі. Бейнежазба 20 желтоқсан 2023, 11:21 837 рет қаралды
86-ның желтоқсаны: гурьевтік студенттердің көзімен Атырауда

86-ның желтоқсаны: гурьевтік студенттердің көзімен

Атырау облысының әкімшілігі ресми түрде облыс бойынша 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушы статусына ие 5 адам бар екенін ресми мәлімдеді. Оларға Алматы қаласының прокуратурасы 35 жылдан соң саяси қуғын-сүргіннің құрбаны туралы анықтама берген. «АЖ» тілшісі сол оқиғаның белортасында болғандармен тілдескен еді. 15 желтоқсан 2023, 13:11 1 926 рет қаралды
Полицей жазасын алды Атырауда

Полицей жазасын алды

Атырау қаласының №2 сотында алаяқтық және лауазымды адамға пара беруге айдап салу (ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігінің 2) тармағы, 28-бабы 4-бөлігі – 367-бабы 2-бөлігі), лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану (ҚК-нің 361-бабы 2-1 бөлігі, 361-бабы 2-1 бөлігі, 361-бабы 2-1 бөлігі) фактісі бойынша жедел уәкіл А.А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Атырау облыстық соты. 15 желтоқсан 2023, 13:00 1 038 рет қаралды
Атырау ЖЭО-на градирня өте қажет Атырауда

Атырау ЖЭО-на градирня өте қажет

Елдің энергетикалық жүйесінің нақты жай-күйін баяндайтын «Энергетика туралы шындық» деректі фильмінде станцияның қажеттіліктері туралы айтылады. Фильм авторлары өз бетінше зерттеу жүргізіп, бүкіл ғұмырын энергетикаға арнаған жандармен әңгімелесіп, еліміздің бірнеше өңіріндегі стратегиялық нысандарды аралап, осы нысандарды түсіруге мүмкіндік алды. Бейнежазба 14 желтоқсан 2023, 12:27 1 244 рет қаралды
2023 жылы Атырау облысында 3 ереуіл болды Атырауда

2023 жылы Атырау облысында 3 ереуіл болды

Бұл туралы жақында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы, ҚР бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген ОСПАНҚҰЛОВ мәлім етті. 23 қараша 2023, 16:36 777 рет қаралды
Тас жолда жүк көлігін мас күйде басқарғандар ұсталды Оқиға

Тас жолда жүк көлігін мас күйде басқарғандар ұсталды

9 қараша күні сағат 22:30 шамасында Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері республикалық маңызы бар Атырау-Астрахань тас жолының 760 шақырымы тұсында күдік тудырған екі жүк көлігін тоқтатқан. 14 қараша 2023, 15:27 1 033 рет қаралды
«Жалбарына көмек сұраймын, бірақ...» Қоғам

«Жалбарына көмек сұраймын, бірақ...»

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық БИШІМБАЕВТЫҢ әйелі Салтанат НҮКЕНОВАНЫҢ өліміне қатысты іс үлкен резонанс тудырып, әлеуметтік желілерде Қазақстан Президентіне тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелері бойынша қылмыстық және әкімшілік заңнаманы реформалау туралы ашық үндеу таралып жатыр. Бұл петицияға 12 мыңнан астам адам қол қойған. 14 қараша 2023, 13:37 1 767 рет қаралды
Айлалы байланыс аясында немесе AИС «еншілестері» неліктен банкротқа ұшырады Атырауда

Айлалы байланыс аясында немесе AИС «еншілестері» неліктен банкротқа ұшырады

АИС еншілес кәсіпорнының банкротқа ұшырауы жұртшылықтың қызу талқысына түсті, көпшілікті «кәсіпорын миллиардтық жобаларға қатысып жатыр, шын мәнінде Атыраудағы жол жұмыстарының бас мердігері, сонда ЖШС-нің қалайша төлем қабілеті жоқ?» деген сауал толғандыруда. Сурет 14 қараша 2023, 23:22 1 192 рет қаралды
№5 емханадағы наразылық Атырауда

№5 емханадағы наразылық

8 қарашада №5 қалалық емхана басшылығына бір топ медицина қызметкері шағымданған. Хаттар президент әкімшілігіне, денсаулық сақтау министрлігіне, облыстық мәслихатқа, облыс әкімі мен денсаулық сақтау басқармасына жолданыпты. Жыл бойына емхана қызметкерлері жалақысын, үстемеақысын көтеруге және еңбек жағдайын жақсартуға қол жеткізе алмай келе жатқаны белгілі болды. Бұл да жақында жарияланған №4 қалалық емханадағы жағдайға ұқсас екен. 10 қараша 2023, 15:51 978 рет қаралды
WhatsApp алаяқтары Атырауда

WhatsApp алаяқтары

Қытай, Түркия және АҚШ-тың арзан тауар жеткізушілері, WhatsApp чаттары арқылы өнім сататын байерлер құқық қорғау органдарының назарына ілікті. Мұндай алаяқтық түрінен зардап шеккендердің арасында атыраулықтар да бар екені белгілі болды. Сурет Бейнежазба 10 қараша 2023, 20:20 1 266 рет қаралды