Атырау, 26 қараша 03:38
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Атырауда жұмысқа орналастырамын деп уәде берген алаяқ ұсталды

1 045 просмотра

Атырау қаласының полиция басқармасы №2 қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция және тергеу бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 1995 ж.т. облыс тұрғынын анықтады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тексеру жұмыстары кезінде күдікті 2022 жылдың қазан айында өзінің материалдық жағдайын жақсарту мақсатында 1977 ж.т. туысқанына өзі Атырау қаласындағы ірі компанияда вахталық тәсілмен жұмыс жасайтынын және 150 мың теңгеге жұмысқа орналастырып беретінін айтқаны анықталды. Бұл ұсынысқа 15 адам қызығушылық танытып, күдіктіге 2 миллион 250 мың теңге берген.

Осылайша ол бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылық әрекетін жасаған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағына («Алаяқтық») сәйкес қылмыстық іс тергеліп, сотқа жолданды. 

22 желтоқсан 2023, 13:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.