Атырау, 26 қараша 00:29
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Атырауда кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалағандар ұсталды

703 просмотра
Сурет: polisia.kz


Атырау облысы полиция департменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаметімен бірлесе отырып, облыс прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Мақат ауданында кәсіпкерден 2,5 млн. теңге қаражатты қорқытып алу дерегі анықталды.

35 және 34 жастағы екі күдікті жәбірленушіден 1 млн. теңге алу барысында ұсталып, қамауға алынды

Іс-құжаттарына сәйкес аталған күдіктілерге осы кәсіпкерден 2023 жылғы қазан айынан бері бопсалау арқылы жалпы сомасы 4,5 млн. теңгені заңсыз иемдегені үшін де күдік келтірілуде.

Қазір адамдар тобымен ірі мөлшерде қорқытып алу дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.


10 қаңтар, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.