Биыл 10 қаңтарда Атырау облысы, Махамбет аудандық сотының судьясына қатысты алаяқтық іс-әрекеттері (ҚК 190-бабы 3-бөлігі 2-т.) фактісі бойынша материал Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (СДТБТ) тіркелді, деп хабарлады Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің қызметкерлері Сот әкімшілігі департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесе отырып, 2024 жылғы 15 қаңтарда 2,5 млн теңгені алған кезінде судьяны парамен ұстады.
Күдіктіге қатысты процестік мәжбүрлеу шарасы қолданылмаған. Қазіргі уақытта екі ведомствоның бірлескен іс-әрекетімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
Журналист Михаил Козачков ұсталған азаматтың ағасы, Маңғыстау облысы әкімінің экс-орынбасары Серік Аманғалиев 2019 жылы жемқорлық қылмысы үшін 10 жылға сотталғанын айтады.