Атырау, 22 желтоқсан 10:57
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

2026 жылдан бастап жеке куәлікті алу мен ауыстыру тегін болады

95 рет қаралды
Сурет: polisia.kz
Сурет: polisia.kz

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан азаматтары жеке куәлікті алғаш рет алу кезінде және оның жарамдылық мерзімі аяқталған соң ауыстырған жағдайда мемлекеттік баж салығын төлемейді. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құжаттандыру саласында цифрландыруды жүйелі түрде енгізіп келеді. Қазіргі уақытта паспорттарды электронды форматта рәсімдеу қызметі тек ел аумағында ғана емес, шетелдерде де қолжетімді. Аталған мүмкіндік 71 елдегі 99 шетелдік мекемеде іске қосылған. Соның арқасында шетелде жүрген қазақстандықтар паспортты бұрынғыдай алты ай күтпей, 30 күн ішінде ала алады. Министрлік алдағы уақытта да азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында құжат беру рәсімдерін жеңілдету және цифрландыру жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр.

Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықовтың айтуынша, елімізде халықты құжаттандырудың бірыңғай жүйесі жұмыс істейді. Бұл жүйе арқылы азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірі беріледі, жеке куәлік пен паспорт рәсімделеді, сондай-ақ тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеу жүргізіледі.

ІІМ бастамасымен енгізіліп отырған жаңа тәртіпке сәйкес, 2026 жылдан бастап жеке куәлікті алғаш рет алу және оның қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстыру толықтай тегін болады. Бұл шешім азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтып, құжат алу үдерісін барынша қолжетімді етуге бағытталған.

«Алғаш рет берілетін жеке куәліктер үшін де, мерзімі аяқталған құжатты ауыстыру кезінде де мемлекеттік баж алынбайды», — деп түйіндеді комитет төрағасы.

Бүгін, 09:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.