Атырау, 22 желтоқсан 10:43
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Мақат ауданында ГӨЗ құрылысына қатысты қоғамдық тыңдау өтті

95 рет қаралды
Видеодан қиып алынған кадр
Видеодан қиып алынған кадр

Атырау облысында газ өңдеу зауытының (ГӨЗ) құрылысы жалғасуда. Осы орайда Мақат ауданында қоғам белсенділері, сала сарапшылары мен колледж студенттерінің басын жинаған қоғамдық тыңдаулар өтті. Іс-шара барысында «Газды кешенді дайындау қондырғысындағы қоршаған ортаны қорғау» мәселесі көтерілді. Жиналғандар зауыт құрылысының қоршаған ортаға әсері, ауаның және судың ықтимал ластануы, сонымен қатар экожүйеге кері әсерді азайтуға қатысты өздерін мазалаған сұрақтарын қойды. 

Мердігерлер зауыт құрылысында қолданылатын технологиялар мен газды кешенді дауындау процесі туралы айтып берді. Сонымен қатар, ГӨЗ-дің қауіпсіз пайдаланылуы, атап айтсақ, апаттық жағдайлардың алдын алу мен төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету мәселелері де көтерілді. 

Бүгінгі таңда құрылыс алаңына 1900-ге жуық маман жұмылдырылған. Оның 1274 тікелей персонал. Түнгі ауысымға 107 маман тартылған. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарына 346-дан астам техника жұмылдырылған. Қауіпсіз еңбек жағдайларына, соның ішінде түнгі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. 

Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша ілгерілеу (ҚМЖ): 

  • Іргетас жұмыстары, металл конструкцияларын, алаңдарды, технологиялық конструкцияларды монтаждау жалғасуда;
  • Өрт сөндіру құбыр желісін монтаждау, қалақтарды құру және іргетастарды күшейту бойынша жұмыстар жүргізілуде, сыртқы инженерлік желілер бойынша (НВК-2) топырақты қайта толтыру және шығару жұмыстары орындалып жатыр;
  • РВС-5000 резервуарларын жинау, дәнекерлеу және бояу жұмыстары жүргізілуде;
  • Металл конструкцияларды титулдар мен эстакадаларда орнату және бояу жұмыстары жалғасуда;
  • Вахта қалашығы аумағында кабель желілерін жүргізу, электр жабдықтарын монтаждау, траншеялар қазу, құдықтар қазу және кәріз ПЭ-түтіктерін монтаждау жұмыстары жүргізілуде;
  • 40/4/1 резервуарының гидравликалық сынағы жүруде, 10С резервуары гидравликалық сынақтан өткізіліп жатыр;№9,№10 титулдарда 10 резервуардың 7-еуі термоөңдеуден өтті. 

Жұмыстың негізгі түрлері бойынша көрсеткіштер: 

  • Іргетастарды орнату бойынша бетон жұмыстары: 57 763 м³ (прогресс 76,3%)
  • Металл конструкцияларының монтажы: 7 866 тонн (39,0%)
  • Механикалық құрал-жабдықтың монтажы: 4 521 тонн (46,6%)
  • Резервуарларды монтаждау: 1 826 тонн (91,1%)
  • Жерасты құбырларын жүргізу: 24 160 м (49,5%)

"QazaqGaz" ҰК " АҚ құрылыс мерзімдерінің сақталуын, сондай-ақ барлық кезеңдерде белгіленген сапа және қауіпсіздік стандарттарының орындалуын қамтамасыз ете отырып, жобаны іске асыруды кешенді бақылауды жалғастыруда.

Бүгін, 09:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.