Атырау, 5 желтоқсан 08:42
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Тас жолда жүк көлігін мас күйде басқарғандар ұсталды

1 024 рет қаралды

9 қараша күні сағат 22:30 шамасында Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері республикалық маңызы бар Атырау-Астрахань тас жолының 760 шақырымы тұсында күдік тудырған екі жүк көлігін тоқтатты. 

Полицейлердің түйсігі алдамапты: 1964 ж.т. және 1972 ж.т. жүргізушілердің Құрманғазы аудандық дәрігерлік сараптама қорытындысы бойынша жеңіл дәрежеде мас күйде екені анықталды.

Қазіргі таңда оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті іс-құжаттар сотқа жолданды.

Айта кетейік, масаң күйде көлік басқарғаны үшін сот шешімімен 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы көзделген.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

14 қараша 2023, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.