Атырау, 6 қыркүйек 18:06
 дождьВ Атырау +29.5
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

Грантты мақсатты пайдаланбаған

1 474 рет қаралды
freepik.com 

Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттен бөлінген ақшалай гранттар мақсаты бойынша пайдаланылмаған. Осыған қатысты 7 адам жауапкершілікке тартылды.

Мақат ауданы прокуратурасы мен аудандық мансап орталығы бірлесіп өткізген жиында аудан прокуроры Торыбек АРУОВ тұрғын үй шаруашылығын дамытамын деп 1 млн 225 мың теңге алған жалған кәсіпкер туралы әңгімеледі. Алайда оның атында мал тіркелмегені анықталды.

Сондай-ақ жиында кейбір ірі мекемелердің бос жұмыс орындары бола тұра жарияламайтыны сөз болды.

Сондай-ақ олар грант алушылардың жалған құжаттары әшкере болды. Кейбірі сатып алған құрал-жабдықтың бағасын асыра көрсеткен.

Қазіргі уақытта жеті адам жауапкершілікке тартылып, үшеуінен сот шешімімен 3 млн 300 мың теңге өндіріліп алынды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

17 қараша 2023, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.