Түрлі жарақаттарымен сегіз адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Орал апталығы.
Сhevrolet Nexia және Toyota Ipsum автомобильдерінің соқтығысуы бүгін, жетінші қаңтарда, сағат 13:30 – да Бәйтерек ауданы Янайкино ауылының маңындағы Орал-Атырау тас жолында болды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, соқтығысу салдарынан екі жүргізуші мен бір жолаушы оқиға орнында қайтыс болған. Зардап шеккендердің сегізі ауруханаға жеткізілді.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.