
Өткен айда Каспий теңізінің акваториясында браконьерліктің 119 дерегі анықталып, жолы кесілді. 2026 жылғы қазанда атқарылған жұмыс қорытындысын ҚР ҰҚК баспасөз қызметі жариялады.
Ведомствоның мәліметінше, Каспий акваториясында жүргізілген рейдтер барысында шекарашылар браконьерлік балық аулауға арналған 88 шақырым ау құралын және жалпы салмағы бір тоннаға жуық (933 келі) бекіре тұқымдас балықтың 187 ұшасын тәркіледі. Мемлекетке келуі мүмкін залалдың алдын алу нәтижесінде үнемделген қаражат көлемі 413 млн теңгеден асты.
Қазан айында ҰҚК Шекара қызметі құзырлы органдармен бірлесіп, шекара кеңістігінде заң талаптарын бұзған 3 318 адамды ұстады. Олардың 2 791-і — шетел азаматтары.
Сонымен қатар шекарада жалпы құны 2,1 млрд теңгеден асатын тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізуге жасалған 1 267 әрекеттің жолы кесілді.
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 47 қылмыстық іс қозғалды. Әкімшілік іс жүргізу аясында 3 021 іс қаралып жатыр. Олар бойынша жалпы сомасы 35 млн теңгеден асатын айыппұл салынды. Қалған материалдар құқық қорғау және сот органдарына жолданды.
В Атырау +2.9