Атырау, 26 қараша 15:32
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Аптадағы негізгі сот істері

1 004 просмотра
freepik.com 

Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Анаргүл САЛИХОВА Facebook желісіндегі парақшасында осы аптада қабылданған жеке ұйғарымдар туралы айтып берді.

1-жағдай 

Сәулет және қала құрылысы бөлімі мүдделі тұлғалардың бірінің келісуден бас тартуына байланысты талап қоюшы таңдаған жер учаскесін берудің мүмкін еместігі туралы әкімшілік акт қабылдады. 

Жеке тұлға бұл бас тарту туралы актіні жоғары тұрған әкімшілік органға даулады. Шағымды қарап, қала әкімдігі  Сәулет және қала құрылысы бөлімінің жер участкесін беруден бас тарту туралы актісінің күшін жою туралы шешім қабылдады. Негіздеме - жауап беру мерзімінің бұзылуы. 

Алайда әкімдіктің қабылдаған шешімімен талап қоюшының өтініші мәні бойынша қаралмаған, жаңа әкімшілік акті қабылданбаған. 

Ал сәулет және қала құрылысы бөлімі өтініштің қаралғанын, (e-Otinish-те “орындалды” мәртебесі берілген), әкімшілік органнан орындауға жататын тапсырма түспегенін айтады. ҚР ӘРПК-нің міндеттері мен қағидаттарын сақтамау, азамат өтінішінің формалды түрде қаралуы жеке ұйғарым шығаруға негіз болды.

 

2-жағдай 

Мемлекеттік кірістер басқармасы талап қоюшыны СҚҚ бойынша тіркеу есебіне тұруды міндеттеп, хабарлама қабылдаған. Талап қоюшы ҚР резиденті емес, қызметін филиал және өкілдік арқылы жүзеге асырмаған.

Салық кодексінің ережелеріне сәйкес (82,83-баптар) резидент емес тұлғаның СҚҚ бойынша тіркелуге құқығы жоқ. Осылайша, салық қызметкерлері көрінеу орындалмайтын хабарлама шығарған. 

Салық кодексі талаптарының айқын бұзылуына қарамастан, әкімшілік орган осы іс бойынша апелляция түсірді. Ал алқа жеке ұйғарым қабылдау арқылы әрекет етті.

 

3-жағдай 

Жеке тұлғаның атына "С1/N2G" санатындағы жүк көлігі (ЖК) тіркелген. Бұрын осы жүк көлігіне қатысты (бірақ басқа иесімен) сот даулары орын алған. Маңғыстау мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты медиативтік келісім бекітіп, оның шарттары бойынша Жаңаөзен қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы «С»санаты бойынша салық міндеттемелерін есептеумен келісті. 

Алайда, мемлекеттік кірістер басқармасы барлық дәлелдерге қарамастан, автокөлікті жеңіл деп санады. Оған қоса, 1-ші сатыдағы соттың қорытындыларын теріске шығаратын дәлелдемелер келтірмеді. 

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты іс бойынша полиция департаментінің, Сот сараптамасы орталығы мамандарының кеңесін алды. 

Жоғары тұрған мемлекеттік кірістер басқармасының дәлелді ұстанымы төменгі сатыдағы салық органының ұстанымын қайталайды. Жаңа негіздемелер келтірілген жоқ. 

Сондықтан алқа жоғары тұрған әкімшілік органға жолдай отырып, салыұ органдарына қатысты жеке ұйғарым қабылдады.

Барлық сот актілері күшіне енбегенін атап өтеміз. 

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

10 қараша 2023, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.