Атырау, 26 қараша 00:33
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Бизнес медиация арқылы салық органдарымен «татуласты»

876 просмотра

2024 жылдың алғашқы үш жұмыс күнінде Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында тараптардың татуласуымен үш әкімшілік іс аяқталды. Оның ішінде бір іс ҚСМ-нің әрекетіне дау айту, екі іс салық дауларына қатысты, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

2024 жылғы 5 қаңтардағы сот ұйғарымымен талап қоюшы Н.-ның ЖСО-ға алимент бойынша берешекті айқындау және қаулының күшін жою туралы қаулы шығару жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы әкімшілік ісі бойынша дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді.

Сонымен қатар, МАӘС-мен талап қоюшы ЖШС-нің «Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-не камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы әкімшілік іс бойынша төмендегідей шарттармен екі медиация туралы келісім бекітілді:

1. «Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органдары анықтаған орташа тәуекел дәрежесі бар бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның күшін жояды және 5 (бес) жұмыс күні ішінде салық төлеушінің кабинетінен көрсетілген хабарламаны кері қайтарып алуға міндеттенеді.

2. Талап қоюшы талап қою арызынан бас тартады.

Нәтижесінде талап қою арыздары қайтарылды, сот процестері процестің барлық тараптарын қанағаттандыратын шарттармен аяқталды.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

11 қаңтар, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.