Атырау, 26 қараша 04:21
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырау ЖЭО-на градирня өте қажет

Бейнежазба
1 130 просмотра

Елдің энергетикалық жүйесінің нақты жай-күйін баяндайтын «Энергетика туралы шындық» деректі фильмінде станцияның қажеттіліктері туралы айтылады. Фильм авторлары өз бетінше зерттеу жүргізіп, бүкіл ғұмырын энергетикаға арнаған жандармен әңгімелесіп, еліміздің бірнеше өңіріндегі стратегиялық нысандарды аралап, осы нысандарды түсіруге мүмкіндік алды.

Атырау ЖЭО биыл 60 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бұл станция елдегі үлкен қуат қоры бар санаулы станциялардың бірі. Тіпті, Атырау сияқты үш қаланы ыстық сумен, жылумен қамтамасыз етуге қауқарлы. Дегенмен, оның әрі қарай жұмыс істеуі де екіталай болып тұр: станцияға суды салқындату қондырғысы – градирня қажет.

Бір кездері жобаға енгізілген Жайық өзенінің суымен салқындату жүйесі істен шығып жатыр. Соңғы жылдары өзендегі су деңгейі айтарлықтай төмендеді. Жазда су тапшылығы салдарынан станцияның турбиналарына су ыстық күйде беріледі.

– Өзендердің тартылуына байланысты қазір бізге су жетпей жатыр – бұл ЖЭО жұмысын тоқтату қаупін туғызады. Екі жағындағы мына шпонттар бұрын суға толып, көрінбейтін. Ал қазір судан 1-2 метр шығып жатыр, – дейді «Атырау ЖЭО» АҚ турбина цехының ГТҚ шебері Төлжан АМАНЖОЛОВ.

Градирня құрылысы туралы «Атырау ЖЭО» АҚ президенті Мақсот ӘЛЕНОВ те айтты.

– Бізде алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме бар, бұл қомақты қаржы. Мұны өз күшімізбен, Атырау жылу электр орталығы күшімен жүзеге асыру өте қиын болады. Сондықтан, өкінішке орай, қолданыстағы заңнама бұл шараның шығындарын не тарифке қосуға, не министрлікпен инвестициялық келісімдер жасауға мүмкіндік бермейді, - деді ол.

«Инвестицияға айырбас тарифі 2.0» деп аталатын жаңа бағдарлама энергетиктер арасында көп сауал тудырады: ең бастысы - станцияның тозғанын анықтайтын іріктегіштік. Атырау ЖЭО үшін өмірлік маңызы бар градирня маңызды құрал-жабдықтардың тізіміне кірмейді, сондықтан оны салуға тариф арқылы инвестиция тарту мүмкін емес.

Бұл тізімде мұржалар, күл үйінділері немесе энергия өндірудің кейбір басқа да маңызды элементтері жоқ. Сондықтан жаңғырту үшін қаржыны қайдан алу керек деген мәселе ашық күйде қалып отыр.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

14 желтоқсан 2023, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.