Атырау, 22 желтоқсан 14:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Уранды заңсыз сатпақ болған Қазақстанның үш азаматы ұсталды

109 рет қаралды

Ақтөбе облысында құны 500 мың АҚШ долларынан асатын радиоактивті уранды заңсыз сату әрекетінің жолы кесілді. Ақтөбенің екі тұрғыны мен Шымкент қаласынан келген олардың сыбайласы қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «Диапазон» басылымы.

Тергеу материалдарына сәйкес, салмағы шамамен бір келі болатын уранды Өзбекстан Республикасының азаматы заңсыз иемденген. Кейін радиоактивті зат Шымкенттегі танысы арқылы Ақтөбе тұрғындарының қолына өткен. Күдіктілер оны сату мақсатында сатып алушылар іздестірген.

Радиоактивті жүк Шымкенттен Ақтөбеге жеңіл автокөліктің жүксалғышымен жеткізілген. Келісім қаладан тыс жерде жүзеге асуы тиіс болған. Сатушылар уран үшін 500 мың доллардан астам қаражат алуды көздеген.

Алайда затты тапсыру сәтінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, күдіктілерді ұстады. Сараптама қорытындысы тәркіленген заттың шынымен уран екенін растады.

Сотта үш айыпталушы да өз кінәсін толық мойындады. Нәтижесінде Ақтөбе қаласының екі тұрғыны екі жылға бас бостандығынан айырылды. Ал бұрын сотталған үшінші сыбайласқа алты айға ұзартылған жаза тағайындалды. Сот үкіміне сәйкес, тәркіленген радиоактивті зат жойылады.

Бүгін, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.