Атырау, 26 қараша 09:51
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Сот 11 шенеунікке ақшалай өндіріп алу шарасын қолданды

667 просмотра
Сурет: Prosud.kz 

Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Анаргүл Салихова Facebook парақшасында ақшалай өндіріп алу туралы жазбасымен бөлісті.

Ақшалай өндіріп алу (АӨ) – Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) маңызды және тиімді жаңашылықтардың бірі. Атырау мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қараша айында 9, апелляциямен 2 ақшалай өндіріп алу шарасын алды.

Процестік құқықтарды теріс пайдаланғаны, процестік міндеттерді орындамағаны, сот тапсырмаларын орындамағаны немесе мерзімін бұза отырып орындағаны, құжаттарды уақтылы ұсынбағаны, жоғары тұрған әкімшілік органның дәлелді ұстанымының жоқтығы, сотқа келмегені үшін АӨ келесілерге қатысты қолданылды: тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жер қатынастары және сәулет бөлімінің, облыс және қала әкімдігінің мемлекеттік құқықтық бөлімінің, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің, әкім аппаратының өкілдері, аудан әкімі, МКБ

Заң, мемлекеттік құқықтық бөлімінің жұмыстарын тиісінше ұйымдастырылмауына жергілікті атқару органдары мен мемлекеттік кірістер бөлімінің назарын аудару қажет.

Атап айтқанда:

- заңгерлер штатының ұзақ уақыт бойы толықтырылмауы;

- кадрлардың көп ауысуы,

- заңгерлердің кәсіби даярлығын жоғарылату мақсатында олардың біліктіліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру қажеттілігі анықталды.

Апелляциялық сатыдағы сотқа шақырылған осы әкімшілік органдардың басшылары тиісті түсініктеме берген жоқ.

Осыған байланысты апелляциялық алқа бірінші басшыларға ақшалай өндіріп алу шарасын қолданды.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

30 қараша 2023, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.