
Атырау облысында 9–23 қараша аралығында өтетін табиғат қорғау заңнамасын бұзу деректерін анықтауға бағытталған екі апталық «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Тәртіп сақшылары бұл науқан кезінде базарлар мен ірі сауда орталықтарын жіті тексереді.
Рейдтердің басты мақсаты — заңсыз ауланған балық пен жануарлар өнімдерін сату, сатып алу немесе басқа жолмен өткізу әрекеттерінің жолын кесу, сондай-ақ биологиялық ресурстардың заңсыз айналымына қарсы күрес жүргізу.
Полиция өкілдері аң мен балықты заңсыз аулап, қоршаған ортаға елеулі зиян келтірген азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң түрде әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
В Атырау +2.9