Атырау, 23 желтоқсан 09:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Экономика

Экономика

Ескі банкноталармен қош айтысыңыз

Бүгінгі күні ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалы тарапынан жеке және заңды тұлғалардан 1993-2003 жылдар аралығындағы айналымнан шыққан банкноталарды қабылдап, оларды жаңа үлгідегі банкноталарға айырбастау жалғасып келеді. 3 қараша 2011, 18:17 3 196 рет қаралды
Экономика

Ақша қандай жобаларға бөлінді?

«2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңның негізінде облысқа нысан құрылыстарын жалғастыруға 5 млрд. 765 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА хабарлады. 2 қараша 2011, 19:53 2 639 рет қаралды
«АМӨЗ сіздерге шоколад фабрикасы емес» Экономика

«АМӨЗ сіздерге шоколад фабрикасы емес»

Облыстық мәслихаттың сессиясында депутаттар осыдан  3 жыл бұрынғы Сасық сайдағы өрт және басқа да Атырау МӨЗ-ның күнәларын еске алды. Табиғат қорғау бағдарламасының орындалуы жөнінде зауыттың бас инженерінің орынбасары Рүстем БИСАЛИЕВ баяндама жасады. 2 қараша 2011, 19:56 3 410 рет қаралды
Экономика

Халық қарызға белшеден батып отыр

Жыл басынан бері екінші деңгейлі банк филиалдары бойынша облыста 96,7 млрд теңге сомасында несие берілді, ол өткен жылмен салыстырғанда 42,6%  артық. Оның ішінде 59,1 млрд  заңды тұлғаларға, 37,6 млрд – жеке тұлғаларға берілген. Несиені  адамдар көбіне ұлттық валюта түрінде алады (84,6 млрд тенге). 27 қазан 2011, 17:28 2 393 рет қаралды
Қош бол, уылдырық! Экономика

Қош бол, уылдырық!

«Атыраубалық» жұмысшылары жалақы ала бастады. «Прокурорлық әрекет ету шараларының нәтижесінде кәсіпорын басшылығы «Атыраубалық» АҚ-ның 441 жұмысшысына 11 миллион теңгеден астам сомада жалақыларын төледі. Еңбекақы бойынша қалған соманы 21 қазаннан бастап төлеуді жоспарлап отыр», - деп хабарлады Атырау қаласы прокурорының көмекшісі Серік ЖАҢАБАЕВ. Сондай-ақ, қалалық прокуратура азаматтардың құқықтары қайта бұзылған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы «Атыраубалық» АҚ басшылығына ескерту жасады. 27 қазан 2011, 17:34 3 207 рет қаралды
Экономика

Өз мұнайымыз өзімізді жарылқайды

19-шы қазаннан бастап бір айға Шымкент мұнай өңдеу зауытының жұмысы  күрделі жөндеуге байланысты тоқтатылды. Ал, бұл Атырау облысының тұтынушыларына әсер етпеуі тиіс қой. Дегенмен, кім біледі? Жазда да  дүрбелең туғызбауды өтінген еді. 27 қазан 2011, 17:33 2 861 рет қаралды
«Жигулидің» де, басқасының да бағасы ұшынып тұр Экономика

«Жигулидің» де, басқасының да бағасы ұшынып тұр

Кедендік одақ енгізілгеннен кейін Ресейден шығарылатын автокөліктердің бағалары өзгерді ме? Бұл сұраққа жауап беру үшін облыстық статистика басқармасынан биылғы жылдың 1 қаңтарындағы, 1 шілдесіндегі (кедендік одақтың әрекет ете бастаған уақыты), 1 тамыз және 1 қыркүйектегі жергілікті автосалондардағы көлік бағаларын сұраған едік. Статистиктер қаңтардан тамызға дейінгі бағалардың өзгермегендігі, тек 1 қыркүйектен бастап ВАЗ көлігінің бағасы күрт өскендігі туралы мәліметтер ұсынды. Дилерлер болса, көліктердің жыл бойына қымбаттағанын айтады. 15 қыркүйек 2011, 18:36 5 154 рет қаралды
Экономика

Бензин «базары» тарқаған жоқ

Қаладағы жанар-жағармайға қатысты  ахуал  біраз қалыпқа түскендей болды. Әлеуметтік маңызы бар бензин маркілері (Аи-92, 80 және дизель отыны) барлық стансаларда бөлшек саудада сатыла бастады. Ал, Аи-95 бұрынғысынша еш жерде жоқ. 1 қыркүйек 2011, 22:58 2 923 рет қаралды
Экономика

Батысқа қашанғы кіріптар боламыз?

– Шетелдік фирмалардың барлығы дерлік: маман киімдерін, бұрандалы шегелерді, гайканы, тіпті азық-түліктерді де шеттен әкелетінін жақсы білеміз. Алайда мұның бәрін жергілікті нарықтан сатып алуға болады ғой,- деді облыс әкімінің орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ облыстық әкімдікте болған кеңесте. 1 қыркүйек 2011, 16:59 3 191 рет қаралды
Судың құны сары алтынмен теңеседі Экономика

Судың құны сары алтынмен теңеседі

Дәстүр бойынша әр жылдың аяғында тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басшылығы аудандар мен ауылдардың ауыз сумен қамтылу жағдайы туралы облыс әкіміне есеп береді. Ол есептердегі келтірілген цифрлардың дәлдігі сондай, еш тиісе алмайсың.  Үкіметтің елді-мекенді сумен жабдықтау бағдарламасын қабылдап жатқаны сол, тіпті, ондағылар біздің есептерімізді оқымайтын секілді. 25 тамыз 2011, 17:49 5 226 рет қаралды
Бензин бүгін бар, ертең . . . Экономика

Бензин бүгін бар, ертең . . .

Демалыс күндері бензинге қатысты орын алған дүрбелең жұмыс аптасының басында одан сайын күшейді. Дүйсенбі-сейсенбі күндері жүргізушілер бензин іздеп  бір стансадан екіншісіне жүгірді. Барлық жанар-жағар май стансаларында машина жүрмек түгілі жаяу адамға өтуге қиындық туды. «Бензиндік сөз байласу» және бағаның өсуі туралы айтылғандар міне, келді.  Алайда, бұл проблеманың аймақтарға отынның жеткізілмей қалуы  және оның жетіспеушілігі тек бір ғана жеткізушіде - «Гелиос» ЖШС-де болып отырғандығы анықталды.  18 тамыз 2011, 15:00 4 501 рет қаралды
Жоғалмайтын әмиян Экономика

Жоғалмайтын әмиян

Қазақстанда электронды ақшаны заңдастырды. Парламент ҚР-ның «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы», «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы» Заңдарына, ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне және Салық Кодексіне сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізді. 11 тамыз 2011, 15:48 8 517 рет қаралды
Экономика

Жас мамандар несие алуға құлықсыз

Өткен жылдың басында ауыл шаруашылығы министрлігі «Аграрлық саланың жас мамандарына шағын несие беру туралы» бұйрығын бекіткен еді. Бір жарым жылдан асса да, жеңілдікпен берілетін шағын несиені ауылдағы бірде бір жас маман пайдаланбаған. 21 шілде 2011, 01:22 4 723 рет қаралды
«Талым өссін десең Сарыөзектің көшетін отырғыз» Экономика

«Талым өссін десең Сарыөзектің көшетін отырғыз»

Осыдан бір жыл бұрын ғана биліктегілер бүкіл қаланы брусчаткіге киіндіруге белсене кіріскен еді. Облыс әкімі  бұны  газондарды баптап-сақтаудың тым қымбатқа түсетіндігімен түсіндірген болатын. Бірақ не әсер еткенін кім білсін, әйтеуір әзірге “жасылдардың” айы оңынан туып жатыр. Солардың бірі – «Эко Строй Стандарт» ЖШС.  21 шілде 2011, 01:26 3 673 рет қаралды
Газсыз қалған “Газельдер” Экономика

Газсыз қалған “Газельдер”

Бензин қымбатсыды ма? Өз көлігін баламалы отынға – сұйытылған газға ауыстырған жөн бе? Дегенмен де мұның бәрі оңай емес екен. Редакцияға газ құю стансаларында отын жеткізудегі іркілістердің үнемі орын алатынына шағымданған жүргізушілерден хаттар келіп түскен еді. 14 шілде 2011, 01:24 3 874 рет қаралды
Экономика

Ұлттық банк депозиттердің кепілдемелік көлемін өзгертпейді

ҚР Ұлттық банкі 2012 жылдың 1 қаңтарынан кейін жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдемелік өтем сомасының ағымдағы ең жоғарғы көлемін сақтап қалмақ. Бұл қазіргі кезде 5 миллион теңгеге тең. 14 шілде 2011, 10:15 3 189 рет қаралды
Экономика

Сөз көп, ақша жоқ

Үстіміздегі жылдың басынан бастап біздің облысымыздағы екінші деңгейлі банктердің филиалдары заңды және жеке тұлғаларға жалпы сомасы 46,7 млрд. теңге несие берген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда  59% жоғары. Осындай қарқынға қарамастан облыстың ауылшаруашылығын несиелеу бұрынғысынша, өте төменгі деңгейде,  жалпы  берілген займдар көлемінің бар-жоғы - 0,3% құрап отыр.  14 шілде 2011, 10:19 2 838 рет қаралды
Қазыналы құбыр Экономика

Қазыналы құбыр

КҚК кеңейту жобасы іске қосылды Жұма күні түске дейін Махамбет тасжолындағы қаладан  шығар жердегі «Атырау» мұнай айдау стансасы маңында  Каспий аймағындағы маңызды мұнай күре тамыры болып табылатын Каспий мұнай құбыр консорциумы жүйесіне кіретін Теңіз-Новороссийск Қазақстан-Ресей мұнай құбырын кеңейту жобасының  жұмысы басталды. 7 шілде 2011, 20:24 4 168 рет қаралды
Экономика

Толық төлеуге міндеттіміз

Өздерінің шынайы кірістерінің мөлшерін тек мейрамханалар мен қымбат бутиктер ғана жасырып қоймайды. Көлік жуу орындары, шаштараздар мен дәріханалар да бүкіл пайдасын жарияламауға тырысады. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, олар бюджетке 600 мың теңгедей салық бережақ боп қалған. 30 маусым 2011, 00:44 3 043 рет қаралды
Облыс «азық-түлік белдеуін» тағынбақ Экономика

Облыс «азық-түлік белдеуін» тағынбақ

Облыстық әкімдікте өткен мәжілісте агроөнеркәсіпті дамыту бағдарламасы қаралды. Осы бағдарлама бойынша таяудағы 3 жылда ауылшаруашылық саласына 17.5 млрд теңге бөлінді, оның 10 миллиарды 2012 жылдан бастап игеріле бастайды. 30 маусым 2011, 17:14 4 835 рет қаралды
Балық зауыты кімнің еншісінде? Экономика

Балық зауыты кімнің еншісінде?

«Бұрынғы В.И.Ленин атындағы балық комбинатының» зейнеткері Орынай ХАСАНОВА «АЖ» газетіне хат жолдапты. Хаттың мазмұны төмендегідей: «Өз уақытында балық қалбыр комбинаты еліміздегі балық шикізатын өңдеу жөніндегі ең ірі кәсіпорынның бірі болды. Оның қызметкерлерінің саны үш мың адамға жететін. Комбинатта жұмыс жасау үшін барлық жағдай жасалды - өзінің балабақшасы, медициналық қосыны, буфеттері мен асханасы, демалатын бөлмелері болды. Комбинаттың ауласында комбинат қызметкерлері үшін... 23 маусым 2011, 19:46 5 910 рет қаралды
АМӨЗ шығарындыларды көбейтпейміз деп сендіреді Экономика

АМӨЗ шығарындыларды көбейтпейміз деп сендіреді

22 маусымда «Ренессанс» қонақ үйінде Атырау мұнай өңдеу зауытындағы мұнайды терең өңдеу кешенін салудың қоршаған ортаға әсер етуін бағалау жобасы бойынша жұртшылық тыңдауы болып өтті. 23 маусым 2011, 17:07 5 715 рет қаралды