Атырау, 5 қазан 14:20
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Ұлттық банк депозиттердің кепілдемелік көлемін өзгертпейді

2 881 просмотра

ҚР Ұлттық банкі 2012 жылдың 1 қаңтарынан кейін жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдемелік өтем сомасының ағымдағы ең жоғарғы көлемін сақтап қалмақ. Бұл қазіргі кезде 5 миллион теңгеге тең.

«ҚР екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» қолданыстағы заң бойынша 2012 жылдың қаңтарына дейін кепілдік ету нормасы 5 млн. теңге болатын. Ал осы уақыттан кейін ол 1 млн. теңгеге дейін азаюға тиіс еді. Енді еліміздің Ұлттық банкі жоғарғы көлемін сақтап қалмақ. Қазіргі уақытта осы түзетулерді енгізуді қарастыратын заң жобасы жасақталуда.

«Кепілдемелік өтем сомасының ең жоғарғы көлемін арттыру туралы шешімді мемлекет 2008 жылдың күзінде дағдарысқа қарсы шаралар аясында қабылдаған болатын. Бұл шешім халықтың республиканың банктік жүйесіне деген сенімін сақтауда маңызды рөл атқарды. Бұған дағдарыстан кейінгі кезеңде депозиттік базаның артқаны дәлел бола алады. 2009 жылдың 1 қаңтарынан 2011 жылдың 1 мамырына  дейiнгі мерзiмде тұрғындардың депозиттерi 59%, немесе 878 миллиард теңгеге, олардың iшiнде 5 миллион теңгеге дейiнгі депозиттер 54%, немесе 374 миллиард теңгеге өстi. Осы уақыт ішінде Атырау облысында жеке тұлғалардың салымдары 93,1 пайызға, немесе 23 млрд. теңгеге артқан. Сонымен бiрге, қазақстандық банктердегi жеке тұлғалардың депозиттерінiң басым бөлiгi (99 пайызы) 5 миллион теңгеден аспайды», - дейді ҚР ҰБ Атырау филиалының экономикалық талдау және статистика бөлімінің бастығы Болат ЫСҚАҚОВ.

Банк депозиттерiне кепiлдiк беру саласындағы халықаралық тәжірибелер де зерттелді. Соңғы қаржы дағдарысы кезінде кепiлдiк берілген өтемақы сомасын жоғарылатқан АҚШ және Еуропалық одақ елдерi дағдарыстан кейін де өтемақының «дағдарысқа қарсы» мөлшерін қалдыруға шешiм қабылдаған болатын.  

Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 шілде 2011, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.